Борис Петрович Пак

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

15:22, 2017 ж. сәуірдің 10 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету

Борис Петрович Пак (1935-92)-суретші. Графика және монументті өнер саласында жұмыс істеген.

Ол Абай шығармалары тақырыбына «Өлең - сөздің патшасы» литографиясын (1971) жазған. Поэтикалық мазмұны ақын өлеңінің стилімен үндескен. Еңбектің ерекше сәнділігі мен бейнелілігі жұмысқа қайталанбас композиция, келісті ырғақ берген. Пак Абай «Ғақлияларына» иллюстрация (1978, гуашь) жасады. Кітап бетінің ашық жерлеріне үш түспен салынған суреттер бейнелі де мағыналы, әрі өткір сықақты танытады. Мұқабаның ішкі бетіндегі Абайдың шабытты кескіні өз кейіпкерлерінің ортасында бейнеленген.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}