Болат Әнапияұлы Тілепов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Болат Әнапияұлы Тілепов (6 ақпан, 1978 жыл, Шымкент облысы Кентау) - Саясаттану ғылымдарының кандидаты (2003).

Өмірбаяны

Әкесі - Тілепов Әнапия, зейнеткер, шахтер болған. Анасы - Жүсіпбекова Есенкүл, зейнеткер, мейірбике болған.

  • Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетін бітірген (2000); саясаттанушы, саясаттану пәні оқытушысы.
  • 2001 жылдың мамырынан - Қазақстан даму институтының Саяси зерттеулер орталығының ғылыми қызметкері.
  • 2001 жылдың тамызынан - «Стратегия» талдау орталығының сарапшысы, ғылыми хатшысы (Алматы қаласы).
  • 2002 жылдан - Қазақ Гуманитарлық Заң Университетінің Саяси технологиялар орталығының аға ғылыми қызметкері, қоса атқарумен - «Стратегия» талдау орталығы директорының орынбасары.
  • 2005 жылдан - Алматы қаласы әкімі аппараты Қазақстан халқы кіші ассамблеясының атқару хатшылығының меңгерушісі.
  • 2006 жылдан - Алматы қаласы Ішкі саясат департаменті директорының орынбасары, Ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары.
  • 2008 жылдан – Астана қаласы Ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары.
  • 2010 жылдан бері - Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының бастығы.

Ғылыми жұмыстары

  • Саясаттану ғылымдарының кандидаты (2003). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Қазақстан Республикасының саяси жүйесін дамытудағы дәстүрліліктің алатын орыны мен рөлі».
  • Саясаттану ғылымдарының докторы дәрежесінің ізденушісі. Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету саясаты: Қазақстан Республикасы және әлемдік тәжірибе».
  • «Дәстүр және саясат» (2004) кітабының;
  • ішкі саясат және қоғамдық үдерістер мәселелеріне арналған 20-дан астам ғылыми жарияланымның авторы.

Отбасы

Үйленген. Жұбайы - Оразалиева Бәтима Асылханқызы (1979 жылы туған), Алматы қаласы Білім беру басқармасының бас маманы.

  • Ұлы - Аят (2007 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Bio-stub