Болат Ғазизұлы Ысқақов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

09:17, 2017 ж. наурыздың 28 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету

Болат Ғазизұлы Ысқақов (9 ақпан, 1947 жыл, Талдықорған облысы, Үштөбе қаласы) - генерал-майор, ҚР ішкі істер министрі - ҚР ІІМ Ішкі Әскерлерінің қолбасшысы (2000-2002).

Өмірбаяны

  • КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін (1974) заңгер мамандығы бойынша бітірген.
  • КСРО ІІМ Академиясын (1981) қоғамдық тәртіпті қорғау саласында басқаруды ұйымдастыру мамандануы бойынша бітірген.
  • 1966 жылдан - ОМ дене шынықтыру пәнінің оқытушысы, шахтада жұмысшы.
  • 1974-1979 жылдары - Қарағанды облыстық атқару комитеті ІІБ қылмыстық іздестіру инспекторы, Совет АІІБ аға инспекторы, Қарағанды облыстық ІІБ инспекторы, аға инспекторы.
  • 1981 жылдан - Совет АІІБ нашақорлықпен күрес бөлімшесінің аға инспекторы, АІІБ бастығының орынбасары, Шахтинск ҚІІБ бастығы.
  • 1985 жылдан - Қарағанды ҚІІБ бастығы.
  • 1991 жылдан - ҚазКСР ІІМ Қоғамдық тәртіпті қорғау басқармасының бастығы, ҚР ішкі істер министрінің орынбасары - Қоғамдық қауіпсіздік қызметінің бастығы.
  • 1992 жылдан - ҚР ішкі істер министрінің бірінші орынбасары.
  • 1995 жылдан - ҚР ІІМ Алматы жоғары мектебінің бастығы, Алматы облысы бойынша МТКБ бастығы.
  • 1997 жылдан - Жамбыл облысы бойынша МТКБ бастығы, ҚР ІІМ Алматы заң колледжінің бастығы.
  • 1999 жылдан - Қазақстан Республикалық Ұланының қолбасшысы.
  • 2000 жылдан - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі- ҚР ІІМ Ішкі Әскерлерінің қолбасшысы.
  • 2002 жылдан - Қазақстан Республикалық Ұланының қолбасшысы.
  • 2006-2010 жылдары - Беларусь Республикасындағы ҚР Төтенше және Өкілетті елшісі, ТМД жарғылық органдары жанындағы тұрақты өкіл қызметін қатар атқарушы.

Марапаттары

Отбасы

  • Үйленген. Жұбайы - Ысқақова Жұмшира Садыққызы (1945 жылы туған).
  • Ұлдары - Ысқақов Еділ, Ысқақов Темір.<ref>Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}