Болат Кәрімұлы Мұсырғалиев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Болат Кәрімұлы Мұсырғалиев (25 желтоқсан, 1943 жыл, Алматы қаласы) - сәулетші, Қазақстан Республикасының Құрметті құрылысшысы (2007).

Өмірбаяны

Әкесі - Мұсырғалиев Кәрім, марқұм. Анасы - Шатрова Марианна Ермолаевна, марқұм.

  • В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының өнеркәсіптік-азаматтық құрылыс факультетін бітірген (1967), инженер-құрылысшы.
  • 1968 жылдан бері - ЖИ «Алматыгипрогор-1» ЖШС МАБ-3 инженер-құрастырушысы, бас құрастырушы.

Қоғамдық қызметі

  • ҚР Сәулетшілер одағының мүшесі.

Салған құрылыстары

  • Пионерлер сарайы (Алматы қ.)
  • Павлодар қаласының Бас мешіті
  • Астана қаласының циркі (2000 орындық)
  • «ҚТЖ» ҰК» АҚ әкімшілік мекемесі (Астана қ.) нысандарын даярлауға қатысқан.

Марапаттары

  • ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен марапатталған (1984).
  • ҚР Құрметті құрылысшысы (2007).

Отбасы

Ажырасқан. Қызы - Молодых Анна Болатқызы (1978 ж. т.).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Bio-stub