Болат Кәрімұлы Мұсырғалиев
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Болат Кәрімұлы Мұсырғалиев (25 желтоқсан, 1943 жыл, Алматы қаласы) - сәулетші, Қазақстан Республикасының Құрметті құрылысшысы (2007).
Өмірбаяны
Әкесі - Мұсырғалиев Кәрім, марқұм. Анасы - Шатрова Марианна Ермолаевна, марқұм.
- В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының өнеркәсіптік-азаматтық құрылыс факультетін бітірген (1967), инженер-құрылысшы.
- 1968 жылдан бері - ЖИ «Алматыгипрогор-1» ЖШС МАБ-3 инженер-құрастырушысы, бас құрастырушы.
Қоғамдық қызметі
- ҚР Сәулетшілер одағының мүшесі.
Салған құрылыстары
- Пионерлер сарайы (Алматы қ.)
- Павлодар қаласының Бас мешіті
- Астана қаласының циркі (2000 орындық)
- «ҚТЖ» ҰК» АҚ әкімшілік мекемесі (Астана қ.) нысандарын даярлауға қатысқан.
Марапаттары
- ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен марапатталған (1984).
- ҚР Құрметті құрылысшысы (2007).
Отбасы
Ажырасқан. Қызы - Молодых Анна Болатқызы (1978 ж. т.).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Bio-stub