Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Болатбай Матаев"
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
(→Марапаттары) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
18:03, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі нұсқасы
Болатбай Матаев (13.11.1942, Маңғыстау ауданы, Ортаеспе ауылы - 07.05.2013, Ақтау қ.) – мұнайшы-геолог.
Өмірбаяны
- 1960 – 1963 жылдары Жетібай мұнай барлау экспедициясында жұмысшы.
- 1963 жылы ҚазПТИ-ға (қазіргі ҚазҰТУ) түсіп, 1968 жылы «Геология және мұнай мен газ кен орындарын барлау» мамандығы бойынша «Геологическое строение, перспективы нефтегазоносности и проект предварительной разведки Тарлы на Южном Мангышлаке» тақырыбында дипломдық жобаны «өте жақсы» бағаға қорғап бітірген.
- 1968 – 1996 жылдары «Маңғыстаумұнайгазбарлау» тресінде геолог, аға геолог, ұңғымаларды сынау және бекіту кеңсесінің бас геологы
- 1996 – 1997 жылдары «Жетібаймұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасы геология бөлімінің бастығы болды.
- 1997 жылдан осы мекемеде бас геолог.
Марапаттары
- КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 10.06.1980 жылғы Жарлығымен Бозащы түбегіндегі мұнай кен орындарын (Солтүстік Бозащы, Қаражанбас, Қаламқас) барлап, игеруде жоғары табыстарға қол жеткізгендері үшін бір топ әріптестерімен бірге «Құрмет белгісі» ордені
- 23.07.1991 жылы «Арман» кен орнын ашқаны үшін Қазақ КСР дипломы және төс белгісімен марапатталады.
- 12.04.2007 жылы «Маңғыстаумұнайгазбарлау» кешенді экспедициясына 50 жыл толу құрметіне Геология және кен қойнауын қорғау комитетінің бұйрығымен «Қазақстан Республикасы жер қойнауының құрметті барлаушысы» атағы
- 02.09.2011 жылы Маңғыстау мұнайының 50 жылдығы құрметіне Қазақстан Республикасының индустрия және жаңа технологиялар министрінің бұйрығымен «Қазақстан Республикасы жер қойнауының құрметті барлаушысы» атағы.<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997</ref>
Дереккөздер
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}