Бекжігіт Кенжебекұлы Сердәлі
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Сердәлі Бекжігіт Кенжебекұлы (20.09.1960. Оңтүстік Қазақстан облысы, Үлгілі ауылы) – журналист, ғалым, композитор.
ҚазҰУ-дің журналистика факультетін 1987 жылы бітірген. Филология ғылымдарының кандидаты (1999), доцент (2006). Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі (2015), Аймақтық Менеджмент Академиясының академигі (2014), Ресей Жаратылыстану Академиясының корреспондент-мүшесі (2013), Халықаралық Психологиялық ғылымдар Академиясының корреспондент-мүшесі (2014), Ресей Жаратылыстану Академиясының профессоры (2013), Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры (2008). Көптеген халықаралық және республикалық ән байқауларының лауреаты.
Мазмұны
Қызметі:
Газет редакторының орынбасары (1987-1996), ЖОО оқытушысы (1996-1999), аға оқытушы (1999-2002), директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары (2002-2003), деканның оқу ісі жөніндегі орынбасары (2003-2005), кафедра меңгерушісі (2005-2014).
Наградалары, атақтары:
- «Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты» (1998);
- «Түркістан қаласының Құрметті азаматы» (2005);
- «Қазақстан» РТРК АҚ республикалық ғылыми конкурсының 1-орын иегері (2007);
- «Қазақстанның білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2008);
- Чуваш түрік әлемі мәдени орталығының Алғыс хаты (Чуваш Республикасы, 2008);
- «Қазақстанның мәдениет қайраткері» (2010);
- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Хатшысының Алғыс хаты (2010);
- «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері (2010);
- Музыка саласы бойынша Васьлей Митта атындағы халықаралық сыйлықтың иегері (Чуваш Республикасы, 2010);
- «Қазақ тілі» Мәскеу аймақтық қоғамының Алғыс хаты (2011);
- «Мұрагер» Мәскеу қазақ мәдени қоғамының Алғыс хаты (2011);
- Облыстық Мәслихаттың Грамотасы (2001);
- «Кентау қаласының Құрметті азаматы» (2011);
- ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет Грамотасы (2011);
- Жазушылар одағы Халықаралық қауымдастығының Алғыс хаты (Мәскеу, 2011);
- «Известные ученые России» энциклопедиясына енгендігі туралы сертификат (2013);
- «Ұлағатты устаз» республикалық конкурсының 1-орын иегері (2013);
- «Жыл әдіскері» республикалық конкурсының жеңімпазы (2013);
- Облыстық Мәслихаттың Грамотасы (2013);
- Еуропа ғылыми-өндірістік консорциумының «Primus Inter Pares» ордені (Ресей, 2014);
- «За заслуги в культуре и искусстве» медалі (Ресей, 2014);
- «Заслуженный работник науки и образовании» құрметті атағы (Ресей, 2014);
- «Қазақстан ғалымдары» энциклопедиясына енгендігі туралы сертификат (2014);
- «Золотая кафедра России» Дипломы (2014);
- «Педагогикалық ізденіс» І халықаралық конкурсының 2-орын иегері (2014);
- "За добросовестный труд" медалі (Ресей, 2014);
- "Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл" медалі (2014);
- «Педагогикалық ізденіс» ІІ халықаралық конкурсының 1-орын иегері (2015)
Негізгі ғылыми еңбектері:
80-нен астам ғылыми мақалалар (оның 30-ы шетел журналдарында, 4-еуі нөлдік емес импакт-факторлы журналдарда), 3 монография (1-еуі Ресейде). Соңғы 5 жылдағы кейбір оқу құралдары мен оқу-әдістемелік еңбектері:
- «Баспасөз аудармасы»,
- «Әдеби редакциялау»,
- «Қазіргі газет жанрлары»,
- «Мерзімді баспасөз дизайны»,
- «Журналистика және дипломатия»,
- «Телеоператор шеберлігі»,
- «Стилистика және әдеби редакциялау»,
- «Қазіргі баспасөз қызметі»,
- «Камал Смайылов – публицист»,
- «Журналист-студенттердің өндірістік тәжірибесін талдау әдістемесі»,
- «ЖОО-да жазба жұмыстарын жазу: диплом жұмысы, курс жұмысы, реферат, жазба жұмысы»,
- "Публицистика поэтикасы",
- "Әлеуметтік лингвистика",
- "Әлеуметтанудағы тілдік жүйе",
- "Әлеуметтік лингвистикалық ұғымдар мен терминдер. Қазақша-орысша түсіндірме сөздік",
- "Социолингвистические понятии и термины. Русско-казахский толковый словарь" т.б.
Ғылыми бағыты — қазақ публицистикасының өзекті мәселелері.
Негізгі әдеби шығармалары:
- «Ұлт журналистикасының ұлықпаны»,
- «Жорналшы жазбалары»,
- «Шаттық ұялаған шаңырақ»,
- «Әнім – әлемім»,
- «О, махаббат!» т.б.
Негізгі музыкалық шығармалары:
- «Жас жұбайлар»,
- «Неге, неге»,
- «Ауыл жатыр той жасап»,
- «Ризамын»,
- «Текемет»,
- «Ерке қайың»,
- «Астанам – асқақ ән»,
- «Қазақ жауынгері»,
- «Түркістаным – Тұраным»,
- «Келіп кет, қалқам»,
- «Сүндет той»,
- «Аман жүрші ауылдың адамдары»,
- «Сені іздегем»,
- «Айналайын жеңеше» т.б.