Бекжігіт Кенжебекұлы Сердәлі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:29, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Сердәлі Бекжігіт Кенжебекұлы (20.09.1960. Оңтүстік Қазақстан облысы, Үлгілі ауылы) – журналист, ғалым, композитор.

ҚазҰУ-дің журналистика факультетін 1987 жылы бітірген. Филология ғылымдарының кандидаты (1999), доцент (2006). Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі (2015), Аймақтық Менеджмент Академиясының академигі (2014), Ресей Жаратылыстану Академиясының корреспондент-мүшесі (2013), Халықаралық Психологиялық ғылымдар Академиясының корреспондент-мүшесі (2014), Ресей Жаратылыстану Академиясының профессоры (2013), Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры (2008). Көптеген халықаралық және республикалық ән байқауларының лауреаты.

Қызметі:

Газет редакторының орынбасары (1987-1996), ЖОО оқытушысы (1996-1999), аға оқытушы (1999-2002), директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары (2002-2003), деканның оқу ісі жөніндегі орынбасары (2003-2005), кафедра меңгерушісі (2005-2014).

Наградалары, атақтары:

  • «Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты» (1998);
  • «Түркістан қаласының Құрметті азаматы» (2005);
  • «Қазақстан» РТРК АҚ республикалық ғылыми конкурсының 1-орын иегері (2007);
  • «Қазақстанның білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2008);
  • Чуваш түрік әлемі мәдени орталығының Алғыс хаты (Чуваш Республикасы, 2008);
  • «Қазақстанның мәдениет қайраткері» (2010);
  • Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Хатшысының Алғыс хаты (2010);
  • «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері (2010);
  • Музыка саласы бойынша Васьлей Митта атындағы халықаралық сыйлықтың иегері (Чуваш Республикасы, 2010);
  • «Қазақ тілі» Мәскеу аймақтық қоғамының Алғыс хаты (2011);
  • «Мұрагер» Мәскеу қазақ мәдени қоғамының Алғыс хаты (2011);
  • Облыстық Мәслихаттың Грамотасы (2001);
  • «Кентау қаласының Құрметті азаматы» (2011);
  • ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет Грамотасы (2011);
  • Жазушылар одағы Халықаралық қауымдастығының Алғыс хаты (Мәскеу, 2011);
  • «Известные ученые России» энциклопедиясына енгендігі туралы сертификат (2013);
  • «Ұлағатты устаз» республикалық конкурсының 1-орын иегері (2013);
  • «Жыл әдіскері» республикалық конкурсының жеңімпазы (2013);
  • Облыстық Мәслихаттың Грамотасы (2013);
  • Еуропа ғылыми-өндірістік консорциумының «Primus Inter Pares» ордені (Ресей, 2014);
  • «За заслуги в культуре и искусстве» медалі (Ресей, 2014);
  • «Заслуженный работник науки и образовании» құрметті атағы (Ресей, 2014);
  • «Қазақстан ғалымдары» энциклопедиясына енгендігі туралы сертификат (2014);
  • «Золотая кафедра России» Дипломы (2014);
  • «Педагогикалық ізденіс» І халықаралық конкурсының 2-орын иегері (2014);
  • "За добросовестный труд" медалі (Ресей, 2014);
  • "Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл" медалі (2014);
  • «Педагогикалық ізденіс» ІІ халықаралық конкурсының 1-орын иегері (2015)

Негізгі ғылыми еңбектері:

80-нен астам ғылыми мақалалар (оның 30-ы шетел журналдарында, 4-еуі нөлдік емес импакт-факторлы журналдарда), 3 монография (1-еуі Ресейде). Соңғы 5 жылдағы кейбір оқу құралдары мен оқу-әдістемелік еңбектері:

  • «Баспасөз аудармасы»,
  • «Әдеби редакциялау»,
  • «Қазіргі газет жанрлары»,
  • «Мерзімді баспасөз дизайны»,
  • «Журналистика және дипломатия»,
  • «Телеоператор шеберлігі»,
  • «Стилистика және әдеби редакциялау»,
  • «Қазіргі баспасөз қызметі»,
  • «Камал Смайылов – публицист»,
  • «Журналист-студенттердің өндірістік тәжірибесін талдау әдістемесі»,
  • «ЖОО-да жазба жұмыстарын жазу: диплом жұмысы, курс жұмысы, реферат, жазба жұмысы»,
  • "Публицистика поэтикасы",
  • "Әлеуметтік лингвистика",
  • "Әлеуметтанудағы тілдік жүйе",
  • "Әлеуметтік лингвистикалық ұғымдар мен терминдер. Қазақша-орысша түсіндірме сөздік",
  • "Социолингвистические понятии и термины. Русско-казахский толковый словарь" т.б.

Ғылыми бағыты — қазақ публицистикасының өзекті мәселелері.

Негізгі әдеби шығармалары:

  • «Ұлт журналистикасының ұлықпаны»,
  • «Жорналшы жазбалары»,
  • «Шаттық ұялаған шаңырақ»,
  • «Әнім – әлемім»,
  • «О, махаббат!» т.б.

Негізгі музыкалық шығармалары:

  • «Жас жұбайлар»,
  • «Неге, неге»,
  • «Ауыл жатыр той жасап»,
  • «Ризамын»,
  • «Текемет»,
  • «Ерке қайың»,
  • «Астанам – асқақ ән»,
  • «Қазақ жауынгері»,
  • «Түркістаным – Тұраным»,
  • «Келіп кет, қалқам»,
  • «Сүндет той»,
  • «Аман жүрші ауылдың адамдары»,
  • «Сені іздегем»,
  • «Айналайын жеңеше» т.б.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер