Бекберген Байдуллаұлы Байдуллаев
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
15:52, 2017 ж. ақпанның 24 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету
Байдуллаев Бекберген Байдуллаұлы (1935, Маңғыстау ауданы Шетпе ауылы) – ғалым, экон. ғылым докт. (2000), ҚарМУ-дың құрметті проф. (2005),<ref>«Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002;</ref> Еуразия халықаралық экономика академиясының академигі (2006).
Өмірбаяны
- ҚазМУ-ды бітірген (1959).
- 1959 – 60 ж. Қарағанды х. ш. материалдық-техникалық жабдықтау бөлімінде аға инженер-экономист<ref>«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007.</ref>
- Қарағанды политехникалық институтында оқытушы
- 1961 – 72 ж. Свердловск қаласындағы Орал мемлекеттік университетінің аспиранты
- Қарағанды политехникалық институтында аға оқытушы
- 1972 – 78 ж. Қарағанды облысы партия к-тінде жауапты қызметкер
- 1978 – 2000 ж. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде аға оқытушы, доцент
- 2000 жылдан кафедра меңгерушісі.
Еңбектері
170-тен аса ғылым еңбектердің, бірнеше кітаптардың авторы.
Марапаттары
- «В.И. Лениннің туғанына 100 жыл» (1970) медалі
- «Қазақстан Республикасының құрметті білім еңбеккері» (2006) белгісі.<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007</ref>
Дереккөздер
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}