Бақыт Ысқақұлы Сералиев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:03, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Бақыт Ысқақұлы Сералиев (28 тамыз, 1950 жыл, Ақтөбе қаласында туған) - тарихшы, суретші, Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайы директоры (2008 жылдан).

Өмірбаяны

  • Әкесі - Сералиев Ысқақ Ермағамбетұлы. Анасы - Сералиева Хадиша Бымашқызы.
  • С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1988), тарихшы, тарих және қоғамтану пәндерінің оқытушысы.
  • 1975 жылдан - Республикалық халық қолданбалы өнері мұражайының экскурсия жүргізушісі.
  • 1976 жылдың мамыр айынан - аға ғылыми қызметкері.
  • 1976 жылдың шілде айынан - ежелгі және қолданбалы өнер бөлімінің меңгерушісі.
  • 1977 жылдың шілде айынан - ҚазКСР Мәдениет министрлігі бейнелеу өнері және ескерткіштерді қорғау бөлімінің аға инспекторы.
  • 1977 жылдың желтоқсан айынан - бейнелеу өнері және ескерткіштерді қорғау бөлімінің жетекші инспекторы.
  • 1980 жылдан - ҚазКСР Мәдениет министрлігі Көркем көрмелер дирекциясының директоры.
  • 1988 жылдан - ҚазКСР Дизайн қорының директоры.
  • 1989 жылдан - Қазақстан Сәулетшілер одағы «Архфонд» шығармашылық өндірістік бірлестігі бас директорының орынбасары.
  • 1990 жылдан - «Алтын Алма» мәдени-коммерциялық орталығының директоры.
  • 1994 жылдан - Алматы қалалық мәдениет басқармасы бастығының орынбасары.
  • 1997 жылдан - М. Горький атындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағы директорының орынбасары.
  • 1998 жылдан - саябақ директоры (Алматы).
  • 1999 жылдан - ҚР Білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі Мәдениет комитетінің Көрмелер мен аукциондар дирекциясының директоры.
  • 2002 жылдан - бас директорының орынбасары - ҚР-нан мәдени құндылықтарды шығару және мәдени қундылықтарды ҚР-на кіргізуді бақылау жөніндегі республикалық комиссияның төрағасы.
  • 2005 жылдан - Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайы директорының орынбасары.
  • 2008 жылдан бері - мұражай директоры.

Марапаттары

  • Үкіметтік сыйлықтар
  • «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі
  • «Мәдениет қайраткері» белгісі
  • ҚР Мәдениет министрлігінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.

Өмірбаяны

  • Үйленген. Жұбайы - Қалқабаева Гүлнәр (1952 ж. т.), дәрігер.
  • Ұлдары - Рүстем (1982 ж. т.), Сұлтан (1991 ж. т.).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Bio-stub