Бақытжан Таймасов
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Бақытжан Таймасов (1949 жыл 12 желтоқсан, Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы) – техника ғылымдарының докторы (2002), профессор (2003).
Еңбек жолы
- 1971 жылы Қазақ химия-технологиялық институтын (қазіргі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті) және 1977 жылы Киев политехникалық институтының аспирантурасын бітірген;
- 1976-1995 жылдары Қазақ химия-технологиялық институтында оқытушы, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі;
- 1996-2000 жылдары Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде докторант;
- 2000 жылдан профессор қызметінде.
Еңбектері
- 1999 жылы «Разработка и внедрение энерго-ресурсосберегающих технология производства портландцемента с использованием техногенных продуктов и нетрадиционных сырьевых материалов» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 170-тен астам ғылыми жарияланым мен 1 монографияның авторы;
- 30 өнертабыс пен патенттің иегері. <ref> Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 5 том</ref>
Дереккөздер
<references/>