Бағдар (жантану)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:05, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Бағдар субъектінің дайын, пейілді болуы; белгілі бір объектінің пайда болатынын күн ілгері білген кезінде пайда болады және осы объектіге қатысты іс-әрекеттің орнықты мақсаткерлік сипатта өтуін қамтамасыз етеді. Психологияда бағдар жануарлардың мақсатқа бағытталған әрекетін, ағзаның алдын ала мәлім жағдаяттарға бейімделуінің психофизиологиялық механизмдерін, психикалық процестердің таңдамалылығы мен бағыттылығын, тұлғаның іс-әрекетінің ұғынылмай реттелуінің, мінез-құлық қалыптасуының механизмдерін зерттеуде қолданылады, әлеуметтік психологияда бағдар топтың мүшесі ретіндегі тұлғаның белгілі бір әлеуметтік объектілерге қатынасын, әлеуметтік мінез-құлықтың өздігінен реттелуі, орнықтылығы және үйлесімділігі механизмдерін, әлеуметтену процесін, бағдардың мысалы, насихат ықпалымен өзгерулерін зерттеу кезінде, соңдай-ақ белгілі бір жағдаяттарда тұлғаның мінез-құлқының ықтимал нысандарын болжамдау кезінде пайдаланылады.

Іс-әрекеттегі бағдардың негізгі функциялары:

  • а) іс-әрекеттің орнықты, дәйекті, мақсатқа лайық сипатқа өтуін анықтайды;
  • ә) субъектіні стандартты, бұрын кезіккен жағдаяттарға шешімдер қабылдау қажеттілігінен босатады;
  • б) іс-әрекеттің енжарлығына, қырсыздығына себепші болатын және субъектінің жаңа жағдаяттарға бейімделуін қиындататын фактор ретінде де көрінуі мүмкін.

Бағдардың мазмұны оны туындатқан объективті фактордың, іс-әрекеттің құрылымындағы орнына тәуелді болады.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}