Бат (Тайланд)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:19, 2017 ж. сәуірдің 3 кезіндегі CommonsDelinker (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Мағына Үлгі:Infobox Currency Бат (Taй тілінде: บาท; нышаны: ฿; ISO 4217: THB) - 1928 жылдан енгізілген Тайландтың ақша өлшемі. 100 сатангамға тең. Алтын баламы 42,725 мг болып белгіленген <ref>Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 2 том</ref>.

Мәнеттер

Бүгінгі таңда Тайландта айналыста сары металл құйындысынан жасалған құны 25 және 50 сатангқа тең мәнеттер, никельден жасалған құны 1,2 және 5 батқа тең, ортасы сары металл құйындысынан шеттері никельден жасалған 10 батқа тең мәнеттер бар. 1,5 және 10 сатангқа тең мәнеттер айналымда пайдаланбайды.

Сурет Құны Шығарылған жылы
1 сатанг 1987
5 сатанг
10 сатанг
25 сатанг
50 сатанг
1 бат 2009
2 бат 2005
5 бат 1988
10 бат 1988

Банкноттар

1902 жылдан 2012 жылға дейін Тайландта банкноттардан 16 серия шығарылған (мейрамдарға арналған 13 ескерткіш серия банкноталарды есептемегенде). Қазіргі банкноттар ашық түсті, ұлттық өрнектермен әшекейленген. Тайланд королі Пхумипон Адульядеттің суреті бейнеленген және сол сурет су белгі ретінде қолданған. Банкноттардың құны араб цифрлармен қайталанған.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер