Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының ғимараты.jpg
Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының ғимараты

Батыс Қазақстан Облыстық Қазақ Драма Театры - 1992 жылы маусымда қалалық, 1993 жылы желтоқсанда облыстық қазақ драма театры болып құрылған. Театр Мұхтар ӘуезовтіңҚарагөз” қойылымымен шымылдық ашты. Одан кейінгі жылдары Қадыр МырзалиевтіңҚасқыр қақпан”, Е. ДомбаевтыңАйналайын ақ келін”, “Ғашықтық туралы баллада”, С. БалғабаевтыңЕң әдемі келіншек”, “Біз де ғашық болғанбыз”, М. ХасеновтіңПай, пай, жас жұбайлар-ай”, С. АсылбековтіңБір түнгі оқиға”, Ә. ОразбековтіңБір түп алма ағашы”, т.б. шығармаларды қойды. М. ӘуезовтіңАбай” (1995), “Еңлік — Кебек” (1996), “Айман — Шолпан” (1997) драмаларын сахнаға шығаруы жас өнер ұжымының шеберлігі шыңдалып, күрделі классикалық туындыларды игере бастағанын байқатты.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

Сыртқы сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы