Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:40, 2012 ж. қарашаның 11 кезіндегі BolatbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Батыс Қазақстан Облыстық Тарихи-Өлкетану Музейі - Орал қаласындағы 1832 жылы негізі қаланған тарихи-мәдени мекеме. 1920 жылы қалалық реалды училище мен казак-орыс әскерлері музейлерінің негізінде қайта құрылды. Музей залындағы археологиялық қазбалар кезінде табылған қыш құмыралар, ыдыстар, қола мен темірден соғылған жебе ұштары, еңбек құрал-жабдықтары өлкенің көне замандағы тарихы мен мәдениетінен мағлұмат берсе, XIX ғ. мен XX ғ-дың бас кезінде қолданылған әшекей бұйымдар, үй жиһаздары, тұрмыстық заттар, ер-тұрмандар Батыс Қазақстан төңірегінде ғұмыр кешкен қазақ қолөнер шеберлерінің шеберліктерін танытады. Сондай-ақ, музейде XIX ғ-дың соңы - XX ғ-дың бас кезіндегі Орал қаласындағы саяси, әлеуметтік оқиғалар, тарихи тұлғалар өмірі жайында баяндайтын құнды фотосуреттер, құжаттар, заттық деректер қойылған. Музей қорындағы ауыл шаруашылық өнімдерінің түрлері, шикізат өнімдері, еңбек ерлері жайындағы мәліметтер облыстың өндірістік және шаруашылық дамуының тарихын көрсетеді. Музейдің дербес бөлімдері болып табылатын Мәншүк Мәметованың мұражайында оның ерлігінен хабар беретін материалдар мен заттық деректер, Пугачев мұражайында орыс көтерілісшісі Е.А. Пугачевтің Оралда болуын баяндайтын маңызды құжаттар, соғыс қарулары, табиғат және экология музейінде өлкенің географиялық жер жағдайының кескіндеме-карталары, кен байлықтарының үлгілері, өлкеде кездесетін өсімдіктер және жан-жануарлардың қатырылған бейнелері қойылған. Сондай-ақ, қалада тарихи-өлкетану музейінің дербес бөлімдері ретінде суретші С. Ғұмаров және орыс жазушысы М. Шолохов музейлері жұмыс істейді. Музейде жалпы саны 21930 экспонат сақтаулы. Тұрақты және көшпелі көрмелер, облыстық теледидар және радиодан арнаулы хабарлар ұйымдастырылып тұрады.

Сыртқы сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}