Батыс Қазақстан облыстық суретшілер бөлімшесі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:15, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Батыс Қазақстан облыстық суретшілер бөлімшесі, Қазақстан суретшілер одағы — жергілікті бейнелеу өнері иелерінің шығармашылық ұйымы.

1992 ж. 25 мамырда құрыдды. Суретшілер одағының жергілікті мүшелерінің шығарм. және педагогика қызметін дамытып, бұрынғы Батыс Қазақстан гуманитарлық университетінің көркемсурет факультеті мен Дәулеткерей атындағы Батыс Қазақстан өнер институтыныңқолданбалы өнер факультеті студенттеріне кәсіби төлім беруді мақсат етті. Бөлімше құрылғаннан кейін облыста бейнелеу өнерінің рөлі артып, суретші жастардың туындылары Мәскеу мен Алматы көрмелерінде орын ала бастады.

Батыс Қазақстан облыстық суретшілер бөлімінің Ж. Аралбаев (1944 жылы туған), А.А.Гора (1928 жылы туған), А. Ерғалиев (1951 жылы туған), И.Жұбанғалиев (1948 жылы туған), Т.Қожанбаев (1967 жылы туған), К.Оразғалиев (1962 жылы туған), Т.Сарманбеков (1958 жылы туған), А.Тастаев (1949 жылы туған), Х.Хасанов (1946 жылы туған), т.б. мүшелері бар.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002, ISBN 9965-607-02-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


Үлгі:Bio-stub