Бас бостандығын шектеу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:10, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Бас бостандығын шектеу (ағыл. restriction of freedom; нем. Freiheitsbeschriinkungf) - Соттың сотталған адамға оның бас бостандығын шектейтін белгілі бір міндеттерді жүктеуі.

Бас бостандығын шектеу қоғамнан оқшауламай, бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімге мамандандырылған органның қадағалауымен оның тұрғылықты жері бойынша өтіледі.

Өзге жаза (қоғамдық жұмыстарға немесе түзеу жұмыстарына тарту) бас бостандығын шектеуге ауыстырылған жағдайда, ол бір жылға жетпейтін мерзімге тағайындалуы мүмкін Бас бостандығын шектеу ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталғандығы бар адамдарға, әскери қызметшілерге, сондай-ақ тұрақты тұратын жері жоқ адамдарға қолданылмайды.

Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу кезеңінде сот сотталған адамның мінез-құлқын қадағалауды жүзеге асыратын органның ұсынысы бойынша, сотталған адамға бұрын белгіленген міндеттердін күшін толық немесе ішінара жоя алады.<ref>Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} Үлгі:Stub:Заң

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}