Басқы ат

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

15:16, 2013 ж. қыркүйектің 29 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету

Басқы ат - бәйгеде мәреге ең бірінші келіп жеткен сәйгүлік ат. Басқы аттың бәйгесі басқа аттардың бәйгесінен анағұрлым артықша болған. Мәселен, Қозы Көрпеш - Баян Сұлу жырында басқы аттың бәйгесіне байланысты: ...Өтірік айтса, ақынның жаны шықсын, Басқы аттың бес жүз жылқы бәйгесі бар, - деген жыр жолдары кездеседі. Кейбір өңірлерде бірінші келген ат бас aт, мәреге дейін шауып келген ең соңңы ат көктайынша aң деп аталады. Бәйгеден озып бірінші келген аттың бәйгесі ас пен жиынның дәрежесіне қарай қомақты болған. Озған атты көз, тіл тиюден сақтандыру үшін келе сала жабулап, кежімдеп жұрт көзінен тасалап, алып кеткен.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Басқы ат|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}