Бар
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мазмұны
Анықтама
Бар (грекше bros — ауырлық) — 1) метеорологияда қысымның бірліктер жүйесінен тыс өлшем бірлігі. 1 Бар = 105 Па = 106 дин/см² = 0,986923 атм; 1 мбар = 103 дин/см² = 0,986923.10–3 атм. = 0,75 мм сын. бағ.; 2) теңіз табанының жағалау жолағындағы тізбек. Ол жағаның бағытына сәйкес созылып жатады әрі теңіз шөгінділерінен тұрады (құм, қиыршық тас, ұлутас)
<ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref>
Географияда
Бар — теңіздің жағасын бойлай орналасқан, құмнан, қабыршақтардан, кейде малтатастар мен қойтастардан түзілген және теңізді лагунадан бөліп тұратын құрлық өңірі. Оны жағалық және сағамаңдық деп бөледі.
Бар градиенті
Атмосфералық қысымның жер бетінде вертикаль (вертикаль градиент) және горизонталь (горизонталь градиент) бойынша қашықтық бірлігіне өзгеруін сипаттайтын, перпендикуляр изобарадағы бағытта анықталатын көрсеткіш. Перпендикуляр изобара, әдетте, 100 км-де 100—300 Па-дан аспайды (тропиктік дауылдарда ондаған есе артады).
Бар депрессиясы
Атмосфералық қысымның төмен атырабы — циклон, бар колаты.
Бар желі
1) бар градиентін Жер айналуының ауытқыту күшіне қарсы бағыттайтын ауа қозғалысы;
2) қысымның жалпы таралуына әсер ететін жер бетіндегі ауа қозғалысы, яғни ойша алғандағы жергілікті топографиялық және орографиялық әсерлердің қатысуынсыз болатын ауа қозғалысы.
Бар жүйелері
Жер атмосферасының бар өрісіндегі жоғары және төмен атмосфералық қысымды кең-байтақ жылжымалы атыраптардың жиынтығы. Тұйық изобарлы бар жүйелері (циклондар мен антициклондар) және тұйық емес изобарлы бар жүйелері (бар қолаттары, жоғары қысымның қырлары және т.б.) деп ажыратылады. Бар жүйелерінің өлшемі жеке материктер мен мұхиттардың немесе олардың ірі бөліктерінің өлшемдерімен сәйкес келеді. Температураның, жауын-шашынның бөлінуі, желдің бағыты мен жылдамдығы және басқа метеорологиялық сипаттамалардың таралуы бар жүйелерімен тығыз байланыста болады.
Бар қолаты
атмосфера қысымының тұйық изобарасыз төменгі атырабы. Циклонның шет жақтарында немесе екі антициклонның аралығында орналасады. Термин тұйық изобаралары бар бірнеше орталықты қамтитын төмен қысымды өте кең атырапты атауға да (мысалы, экваторлық депрессия) қолданылады.
Бар өрісі
изобаралық беттер жүйесімен сипатталатын Жер атмосферасындағы қысымның кеңістік бойынша таралуы. Жер атмосферасының бар өрісі үздіксіз өзгеріп тұрады, соған байланысты ауа ағыстарының ауысымы пайда болады.
==Бар топографиясының карталары== — негізінен, изобара тәсілі арқылы әр биіктік деңгейіндегі атмосфера қысымның кеңістік бойынша таралуын көрсететін карталар. <ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6</ref>
Дереккөздер
<references/>
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}
Мақала бастамасы | {{{article}}}}} мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар| Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.}} |
| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бар|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}