Балиғатқа толу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Балиғатқа толу:

  • 1) медицинадажас организмнің анатомиялық және физиологиялық өзгерістер нәтижесінде ұрпақ беру қабілетіне жетуі. Ер балалармен салыстырғанда қыздар балиғатқа ерте толады. Балиғатқа толу барысында жас өспірімдердің сыртқы пішіні мен мінез-құлқында, даусында өзгерістер байқалады. Мысалы, қыздарда май түзілу қызметі күшейіп, ол терінің астына жиналады, ал, ер балаларда бұлшық ет қызметі артып, денесі сомданады. Қыздардың бойы өзімен құрдас ер балалардан әлдеқайда тез өседі. Балиғатқа толу қыздарда 18 — 20 жаста, ер балаларда 19 — 25 жаста аяқталған кезде, олардың бойының өсуі де тоқталады. Мұндай физиологиялық өзгерістер ішкі секреция (әсіресе, гипофизден) және жыныс бездерінен бөлінетін гормондарға байланысты болады. Балиғатқа толуда қыздар мен ер балалардың сыртқы дене пішіні өзгерумен қатар, ішкі жыныс мүшелерінде де өзгерістер пайда болады, сондықтан қыздарда 12 — 18 жастан бастап етеккір келеді де, ер балада шәуһет бөліне бастайды. Балиғатқа толу мерзімдеріне және оның дұрыс өтуіне баланың денсаулығы, күнделікті ішетін тамақ түрлері, тұрмыстық, экологиялық жағдайлар, климат, т.б. әсер етеді. Жасы жеткен жас өспірімдер Балиғатқа толу белгілері білінсе маман дәрігерге көрініп, оның кеңесін бұлжытпай орындауы қажет. Ата-ана, дәрігер жас өспірімдерге олардың организмінде пайда болған өзгерістер (етеккір, шәуһет, т.б.) туралы дұрыс түсінік беруі керек;
  • 2) құқықта, қ. Кәмелетке толу.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Балиғатқа толу|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}