Баламасыз айырбас

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

16:33, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Баламасыз айырбастауарды өндіруге жұмсалған шығындар мен оны сыртқы экономикалық мәміле (экспорт, импорт) арқылы қайтарудың арасындағы пропорцияның ұдайы бұзылуы. Халықаралық саудадағы Баламасыз айырбас әлемдік шаруашылықтағы құн заңы әсерінің ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Нәтижесінде құны төмен тауар жоғары бағаланып, құн заңынан туындайтын баламалы айырбас бұзылады да, экспорттаушы не импорттаушы ел үшін сол тауарды құны төмен не жоғары тауарға айырбастау, яғни Баламасыз айырбас жағдайы қалыптасады. Халықаралық айырбас операциясы, сауда жасаушылардың географиясы ара қашықтығына, дағдарыстық, тіпті ұлттық кедергілерге де байланысты болады. Іс жүзінде айырбас пропорциялары бағаның ара-қатынасы арқылы да қалыптасады. Ол экспорт-импорт операциялары кезінде айырбас баламалылығын бұзады. Белгілі бір тауардың немесе тауар топтары бағаларының тұрақсыздығы да Баламасыз айырбасқа соқтырады. Бағаның құрылымы мен динамикасы халықаралық тауар айырбасындағы экспорттық және импорттық елдердің баға индексінен, болмаса сыртқы экономикалық айырбас жағдайы мен өзгеру пропорциясына байланысты.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;</ref> Баламасыз айырбас – империалистік мемлекеттердің Азия, Африка және Латын Америкасының мешеу елдерімен сауда жасауына тән құбылыс. Баламасыз айырбастың мәні – империалистік елдердің монополиялары өзінің өнеркәсіптік өнімін экономикасы әлсіз елдерге монополиялық жоғарғы бағамен өткізіп, олардан шикізат пен тропиктік дақылдарды өте арзан бағаға сатып алуы. Осының салдарынан бұл елдер үлкен зиян шегеді. АҚШ-тың Латын Америкасы елдерімен саудасы баламасыз айырбастың айқын мысалы, баламасыз айырбас салдарынан Аргентина 1958-1962 ж. арасында 2 млрд. Долларға дейін зиян шекті. Империалистік елдер баламасыз айырбастан жылына 14-16 млрд. доллар табыс табады. <ref>Қазақ Совет Энциклопедиясы. Алматы қаласы,1973 ж. 2-том, 123-бет</ref>

Дереккөздер

<references/>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Баламасыз айырбас|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}