Балалар киносы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

09:49, 2014 ж. мамырдың 25 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Балалар киносы — балалар мен жасөспірімдерге арналған көркем, мультипликациялық, хроникалық-деректі және ғылым-көпшілік фильмдердің жалпы атауы. “Қазақфильм” киностудиясының балаларға арналған көптеген фильмдері бүкілодақтық, халықаралық фестивальдерде жүлде алып, жоғары бағаға ие болды.Олардың қатарында: “Менің атым Қожа” (1963, режиссер А. Қарсақбаев; 1967 жылы Каннда өткен халықаралық кинофестивальде ынталандыру дипломына ие болды), “Қызыл тас заставасы маңында” (1969, режиссер Ш.Е. Бейсенбаев; 1983 жылы Каунаста өткен спорт фильмдерінің бүкілодақтық кинофестивалінде 2-дәрежелі диплом және лауреат атағын алды), “Шоқ пен Шер” (телевизиялық фильм, 1971, режиссер Қ. Қасымбеков; 1972 жылы Монте-Карлода өткен телевизиялық фильмдердің халықар. кинофестивалінде “Күміс намфа” сыйлығын алды), “Орман аңызы” (1972, режиссер Н.С. Жантөрин, Цой Гук Ин; 1974 жылы Бакуде өткен бүкілодақтық кинофестивальде “Әскери-патриоттық тақырыпты игергені үшін” сыйлығын алды), “Көксерек” (1973, режиссер Т. Өкеев; Баку кинофестивалінде 1-сыйлыққа ие болды), “Алпамыс мектепке барады” (1976, режиссер А. Қарсақбаев; 1977 жылы Ригада өткен бүкілодақтық 10-кинофестивальдің бас жүлдесін алды), “Балалық шақтың кермек дәмі” (1983, режиссер А. Қарсақбаев), “Сүйрік” (1984, режиссер А.Н. Әлпиев; 1985 жылы Мәскеуде өткен халықаралық кинофестивальдің күміс жүлдесі және Португалияның Томара қаласында өткен балалар мен жасөспірімдерге арналған фильмдердің халықаралық кинофестивалінде 2-жүлдеге ие болды), “Ауылым көк жотаның бөктерінде” (1985, режиссер А.К. Сүлеева; Алматыда өткен бүкілодақтық кинофестивальде 1-сыйлық алды), т.б. бар.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> бас әріп ғылым қатысты болуы тиіс

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}