Баймұхамет Шағыров

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Баймұхамет Шағыров (22.8. 1902, қазіргі Алматы облысы Қаратал ауданы — 26.9.1986, Алматы) — саяси қуғын-сүргін құрбаны, мемлекет қайраткері.

1919 жылы Талдықорған ауыл шаруашылығы мектебін, 1926 жылы Мәскеудегі БК(б)П ОК жанындағы партия мектебін бітірген. 1919 — 25 жылы Талдықорған уезінде партия комитетітінің хатшысы, уездік “Қосшы” одағының төрағасы, 1926 — 37 жылы Алматы, Орал, Қостанай облыстарында, Қазақ АКСР-і жабдықтау халық комиссариатында жауапты қызметтер атқарған. 1937 жылы Қазақ КСР-і юстиция халық комиссары қызметіне тағайындалып, 1938 жылы КСРО Жоғарғы Сотына мүше болды. 1939 жылы “Халық жауларын іздестіруде табансыздық танытып отыр” деген желеумен тұтқындалып, саяси қуғын-сүргінге ұшыраған. 1953 жылы 30 желтоқсанда ақталды. “Құрмет белгісі” орденімен марапатталған.<ref>Қазақ Энциклопедиясы, 9 том 18 бөлім</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Баймұхамет Шағыров|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}