Баймен Алманов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

13:08, 2016 ж. желтоқсанның 21 кезіндегі Sultan-balasi (Талқылауы) істеген түзету

Баймен Алманов (1896, Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы1943) — Қазақстандағы кеңес құрылысына белсене қатысушы.

Ақтөбе мұғалімдер семинариясын бітірген (1916). 1917 жылы күзінде Торғай облысының комиссары тарапынан қуғынға ұшырады. 1918 — 20 жылдары қызыл партизандар отряды командирлерінің бірі, Ырғыз коммунистерінің жетекшісі, уездік ревком төрағасы болды. 1920 — 21 жылдары Қазақ АКСР Кеңестерінің 1 және 2-съездерінде Алманов ОАК-нің хатшысы болып сайланды, Қазақстанның Түркістан АКСР-і ОАК-дегі өкілетті өкілі болды. 1922 — 23 жылдары Адай ревкомының төрағасы қызметін атқарды. Адай — түрікпен дау-таластарын реттеуге, Қазақстан шекарасын межелеуге белсене араласты. Алманов Алашорда қайраткерлеріне қарсы жүргізілген саяси науқандарға қатысты. 1931 жылы бастап Қазақ педагогикалық институтының және ұлт мәдениеті ғылыми-зерттеу институтының директоры болды, ғылыми-педагогикалық және шаруашылық қызметтер атқарды.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>


Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}