Ақүйік қорымы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ақүйік Қорымы — сәулет өнері ескерткіші. Маңғыстау облысы Шетпе маңында орналасқан. Б.з.б. 1 ғасырда сақталған үш сармат обасынан (маңғыстау қазақтары обаны үйік деп атайды), 19 ғасырдың ақыры — 20 ғасыр бас кезіндегі салынған 20-дан астам сәулет ескерткішінен құралған. Олардың ішінде 4 ірі сағанатам мен 3-күмбезді мазар бар. Бұл ескерткіштер Арал мен Атырау өңірінде кездесетін барлық сәулет мұраларының озық үлгісіне жатады. Сармат обаларының ең үлкені 1930 ж. қазылған. Ақүйік қорымы ішіндегі әсем туындының бірі Оразалы зайыбы Тәжі күмбезі 1914 ж. салынған. Ауданы 6,24 х 4,20 м, биіктігі 8,6 м, 1924 ж. оңтүстік-батыс бұрышы құлаған. Инженерлік зерттеулердің қортындысы бойынша ұзынырақ етіп салынған төртбұрышты қабырғалар алып барабан мен күмбезді, көтере алмай құлаған. Маңғыстауда мазарларды әдетте бірнеше адамды жерлеу үшін кең етіп салады. Алдыңғы жағының аз ғана сақталған бөлігі — Тәжі күмбезінің әдемі ою-өрнектермен безендірілгенін көрсетеді. Солтүстік және шығыс жақтағы фасадтары өрнектелген пилястрларға бөлініп, ұзын таспадай созылып, ою-өрнекті фризбен бітеді. Ішіндегі ойықтар әйелдің әшекейлері, кебіс-мәсі, самаурын, ыдыс-аяқ, өсімдік және қошқар мүйіз ою-өрнектерімен безендірілген. 1981 ж. Тәжі күмбезі “Маңғыстауқайтажөндеу” мекемесінің күшімен толық қалпына келтірілді.<ref>Қазақ ұлттық энциклопедиясы</ref><ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ақүйік қорымы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}