Аққу мамық ішік

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

09:45, 2013 ж. мамырдың 6 кезіндегі Batyrbek.kz (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Мағына Аққу мамық ішік - бітеу сойылған ақку терісінен жасалынған, сырты матамен тысталған әйелдердің аса қымбат сәндік сырт киімінің атауы. Мұндай дәстүр қазақы ортада кең таралғандығы туралы дерек жоқ. Керісінше XIX ғ. ортасында батыс елдерінде, соның ішінде Ресейде ақку мамығы ерекше сұранысқа не болуына байланысты қазақ даласындағы үлкен көлдерден (әсіресе, Кокшетау, Қорғалжын аймағында) аққуды атып, терісін өткізгендігі туралы деректер бар. ҚР MOM қорындағы (КП 13950) ішік XIX ғ. Ақмола өңірінде жасалған. Ақсары барқытпен тысталған, белі қынамалы, етек шалғайы кең. Иық тігісі қиғаш, жеңі қондырма. Жеңі іш жағынан мақтамен сырылған, орама жағалы. Белі артқы бойынан қынап тігілген. Өңірі, етегі, жеңі аққу мамығымен журындалып, оқа бастырылған. Жалпы ұзындығы 110 см, жең ұзындығы 76,5 см, екі иіннің аралығы 43 см. Бұл А. м. і.-тің тарихы үлкен: Шоқан Уәлихановтың қарындасы Тәжібай Шыңғысқызы Уәлиханованікі. Кейіп қызы Махрыт Шормановаға өткен, ол өзінің қайын сіңлісі Билалқызы Фариха Шормановаға сыйлаған. Музейге 197-1 ж. өткізілген.<ref>Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Аққу мамық ішік|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}