Ақсақалдар кеңесі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:15, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Ақсақалдар кеңесі — сан-алуан мәселелерді талқылап, ұйғарымға келетін, ресми орындарға ұсыныс беретін көпшілікті басқарудың биресми қоғамдық түрі. Ақсақалдар кеңесінің тарихы көне дәуірден басталады. Қазақ елінде тарихи рөл атқарған “Хан кеңесі”, “Билер кеңесі” де өз бастауын осы ақсақалдар кеңесінен алады, бірақ айырмашылығы елеулі. “Хан кеңесі” мен “Билер кеңесі” аса шұғыл, ел басына қатер туған шақтарда болмаса, басқа кезде келісім бойынша белгіленген мерзімде өткізіліп отырған. Ақсақалдар кеңесі ауыл-аймақтың тұрмыстық, шаруашылық қажеттеріне орай кез келген уақытта өткізіле берген.<ref>Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref> Көне деректерге қарағанда ақсақалдар кеңесінің екі түрі анық көрінеді. Олар — “Ру ақсақалдарының кеңесі” мен “Тайпа ақсақалдарының кеңесі”. Бұл кеңестер ру мен рудың, тайпа мен тайпаның арасындағы шаруашылық, тұрмыстық және мәдени байланыстар мен сауда қарым-қатынасы мәселелерін, жер-су меншіктерінде ұшырасып жататын даулы жағдайларды қолдарынан келгенінше бейбіт жағдайда шешуге мұрындық болған. Биресми түрде құрылған “Ақсақалдар кеңестері” кейбір аймақтар мен ұжымдарда әлі күнге дейін сақталған. Олар көбінесе тәртіп, тәрбие мәселелерімен шұғылданады, шаруашылық жөнінде өз ұсыныстарын айтады. <ref> Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}