Ақезу мәрпі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

10:58, 2017 ж. сәуірдің 19 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Ақезу мәрпі (Сарғалдақтар туысы) - Қазақстандық 11 түрдің ішіндегі ең көп тараған түрі. Алтай, Тарбағатай, Жоңғар Алатауы, Тянь-Шянь тауларында кездеседі. Орман және субальпі шалғындықтарында, қылқанжапырақты және араклас ормандарда, өзен аңғарларында өседі. Қалың шілік құрайды. 2 м-лік сабағы қабырғалы, жай және түк басқан. Жапырағы өте ірі, саусақ салалы бөліктерге бөлінген. Гүлшоғыры қалың, көпгүлді, бұтақтанған. Гүлдері сұрғылт-күлгін, симметриясыз. Тостағаншасының түсі күлтенің түсіне ұқсас, 5 жапырақшадан тұрады. Желектерінің барлығы екеу. Аталықтары шексіз, гүлден көрінбейді немесе аспайды. Маусым-тамызда гүлдейді, шілдеден бастап жеміс береді. Улы, әртүрлі алкалоидтар бөледі. <ref>А. А. Иващенко. Қазақстан өсімдіктер әлемі. Алматыкітап баспасы, 2012.</ref>

Дереккөздер

<references/>