Ағатай батыр

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ағатай батыр (туған, өлген жылы белгісіз)<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref> — Тәуке ханның Қазақ хандығының тәуелсіздігі мен бүтіндігін сақтау жолындағы саясатын белсенді қолдаған қайраткер. Тарих беттеріне сүйінсек 1600 жылдары өмір сүрген. 1836 — 38 жылдардағы Кіші жүз қазақтары көтерілісінің басшысы Исатай Тайманұлының арғы атасы. Сарайшық қаласын жаулау барысында ерлігімен көзге түсіп, кейінен есімі Беріш руының ұранына айналған. Оның саналы ғұмыры Еділ қалмақтарымен соғыста өтті. Ресей бодандығын қабылдаған қалмақтардың Кіші жүзге шабуылы 18 ғасырдың 1-ширегінде күшейе түсті. Ресей билеушілері қалмақ ханы Аюке жасақтарының күшімен қазақ хандығын әлсіретуді көздесе, қалмақтар Ресейге арқа сүйеп, Кіші жүз қазақтарын өзіне тәуелді еткісі келді. Ұзақ жылдар бойы олар Еділдегі қалмақ хандығының жерін шығысқа қарай ұлғайту ниетінен бас тартпады. Түстіктегі Хиуа хандығы да Кіші жүз жерін Ресеймен бөлісер оңтайлы жағдайды күтіп отырған. 18 ғасырдың 1-ширегінде көрші елдердің басқыншылық ниетін жақсы түсінген Тәуке хан Түркістан қаласы маңына 80 мың жасақ ұстады. Осы әскери күштің құрамында Ағатай батырдың 10 мыңға жуық қолы болды. Қанжығалы Бөгенбайдың әкесі Ақша батырдың қол астындағы сегіз қолбасшының бірі болған. Ағатай батырдың Түркебай, Айболат, Қуат, Атабас, Боқай, Жәнібек, Серікпен есімді ұлдары болған.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ағатай батыр|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}