Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Аябіл Күнбазаров"
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (+ 4 санат; ±Санат:Тұлғалар→Санат:1939 жылы туғандар (HotCat құралының көмегімен)) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
18:13, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі нұсқасы
Аябіл Күнбазаров (1939 жылы туған, Қызылорда облысы Арал ауданы Тұрсынбике ауылы) – техника ғылымдарының докторы (1992). КСРО өнертапқышы.
Қазан технология институтын (1963) бітірген. Ташкент қаласындағы Орта Азия геология және минералды шикізат ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер, зертхана меңгерушісі (1972–96), Науаи тау-кен институтында ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор (1996–98) болды. 1998 жылдан Қызылорда мемлекеттік университетінде профессор қызметінде.
Ғылыми еңбектері - мұнаймен ластанған және тұзданған жерлерді биотехнолиялық жолмен қалпына келтіруге, техногендік қалдықтарды қайта өңдеп биогумус, биогаз, т.б. алудың өндірістік негіздерін жүзеге асыруға арналған. 100-ден астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 1 монографияның авторы, 20 патенті бар.<ref>Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}