Ахмет Кендірбекұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ахмет Кендірбекұлы - 1956 жылы 25 қарашада Алматы облысы, Алакөл ауданы, Бұлақты ауылында дүниеге келген. Абай атындағы ҚазПИ-дің филология факультетін 1977 жылы бітірген. Алакөл ауданындағы Көктұма орта мектебінде мұғалім, директордың оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, 1981—1985 жылдары мектеп директоры болып қызмет атқарған. 1990 жылға дейін Алакөл аудандық «Жаңа өмір» газеті редакторының орынбасары, аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы, 1992—1997 жылдары Алакөл ауданы әкімінің орынбасары, 1999 жылға дейін Алматы қаласындағы «Ғылым» баспасында редактор, Қазақ мемлекеттік ақпарат институтында аға редактор. 1999 жылдан бастап Алматы облысы әкімінің аппаратына бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. Алматы облысы әкімдіғінің мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің бастығы. Қазір Алматы облысы әкімдігінің Тіл басқармасының бастығы.

Өлеңдері басылымдарда жиі жарияланады. Ойтұмар («Талдықорған», 1991); Көкпар («Жазушы», 1996); Зер («Арыс», 2003), «Жылдар сөйлейді» атты жыр кітаптары бар. Сондай-ақ республикалық баспалардан «Аққулы айдын», «Армысың, ата тарих — Аңырақай» және «Жетісу жауқазындары» кітаптарын құрастырып шығарған. Ақынның сөздеріне жиырма шақты ән жазылған.

«Халық батырлары» жылының лауреаты. Қазақстан Журналистер одағының Құрмет Грамотасымен, «Тәуелсіздіктің он жылдығы», «Астананың 10 жылдығы» медальдарымен, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісімен, Қазақстан Республикасы Құрмет грамотасымен (2009) марапатталған. Алматы облысы, Алакөл ауданының Құрметті азаматы.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}