Ахмеди Ысқақұлы Ысқақов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ысқақов Ахмеди Ысқақұлы (1910) — тілтанушы, филология ғылымдарының докторы (1965), профессор (1968), Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының мүше-корреспонденті (1972), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957).

Өмірбаяны

Алматы педагогикалық институтын бітірген (1940).

КСРО ғылым академиясының КСРО халықтарының тілі мен жазуы институтының аспиранты (1940—1941), ҚазПИ (1941-1942), содан кейін Педагогикалық және оқытушылық институты директорының орынбасары және оқутышысы (1942-1947), Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында кафедра меңгерушісі (1947-1951), ҚазССР ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтының директоры (1951-1953), ҚазМҚПИ кафедра меңгерушісі (1953-1955), ҚазССР ағарту министрлігі Педагогикалық ғылымдар ғылыми-зерттеу институтының директоры (1955-1961), 1961 ж. бастап ҚазССР ғылым академиясының Тілтану институтында бөлім меңгерушісі.

Ғылыми қызметі

Зерттеу бағыттары: қазақ тілтануының тарихы мен қазіргі жағдайы, грамматика (морфология), сөз таптарының теориясы және сұрыпталуы, лексика және лексикография, оқыту методикасы. Бұл кісінің бастауымен он томдық «Қазақ тілінің сөздігі» мен «Абай шығармаларының сөздігі» құрастырылған. Ысқақовтың жалпы редакциясын басқаруымен «Абай тілі сөздігі»( 1968) жарық көрді. Оның «Абай және қазақ әдеби тілі» деген мақаласында («Абай тағылымы».-А., 1986) ақынның қазақ әдеби тілін дамыту тарихында алатын орнына, әдеби тілді бірыңғай ізге түсіріп қалыптастырудағы айрықша еңбегіне, ақын тілінің мәдениеті, сөз қолдану шеберлігіне жан-жақты талдау жасалған.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

Монографиялар, оқулықтар, жинақ ішіндегі бөлімдер; қазақ тілтануы, педагогика, халық білімі тарихының сауалдарына қатысты мақала топтамалары сияқты 200-ден астам ғылыми еңбектің ауторы.

Орден, медалдермен марапатталған.

Еңбектері

Негізгі ғылыми еңбектері:

  • сөздің морфологиялық құрамы мен қазіргі қазақ тіліндегі атаушы есімдер. Алматы, 1964
    • Морфологическая структура слова и именные части речи в современном казахском языке. Алма-Ата, 1964.
  • Қазақ тілінің грамматикасы: (Морфология). Алматы, 1967. 1 том, (авторлас)
    • Грамматика казахского языка: (Морфология). Алма-Ата, 1967. Т. 1 (соавтор).
  • Қазіргі қазақ тілі: (Морфология). Алматы, 1964, 1974.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дерккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}