Ауғанстан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мемлекет

Ауғанстан (Үлгі:Lang-ps, дари: افغانستان, Afġānestān), толық ресми атауы Ауғанстан Ислам Республикасы<ref name="atlas mira" /> (Үлгі:Lang-ps, дари: جمهوری اسلامی افغانستان) — теңізге тікелей шыға алмайтын, Орта Шығыстағы мемлекет. Әлемдегі ең кедей елдердің бірі. 1978 жылдан бастап елде азамат соғысы жүріп жатыр.

Батысында Иранмен, оңтүстік-шығысында Пәкістанмен, солтүстігінде Түркіменстанмен, Өзбекстанмен және Тәжікстанмен, шығысында Қытаймен, оңтүстігінде Үндістанмен (дұрысында Үндістан, Қытай және Пәкістан таласатын Джамму және Кашмир аумағымен) шектеседі.

Ауғанстан Батыс пен Шығыс түйісетін жерде орналасқан. Ежелгі сауда мен көші-қон орталығы болып табылады. Оның геосаяси жағдайы — бір жағынан Оңтүстік және Орталық Азияда, екінші жағынан Таяу Шығыста орналасуы, сол аймақта орналасқан елдердің арасындағы саяси және мәдени қатынастарында, маңызды рөл атқарады.

Этимология

«Ауғанстан» атауы қазақ тілінде «ауғандар елі» деген мағына береді.

Атаудың пайда болуы

Атаудың бірінші буыны — «ауған», «ауғани» — түркі сөзінен құралған, яғни ауып кеткен, жасырынған деген мағынаны береді. Бірақ ауғандар өздерін олай атамайды, олардың өз аты «пуштундар». Атаудың соңғы буыны — «-стан» деген жұрнақ парсы тілінде «орын, ел» деген мағына береді.

«Ауғандар» деген термин халық атауы ретінде, исламдық кезеңнен бастап қолданылады. Кейбір ғалымдардың пікірінше «ауған» деген сөз алғаш рет тарихта 982 жылы пайда болған; сол кезде ауған деп, Инд өзені бойындағы таулардың батысында өмір сүрген тайпаларды айтқан.<ref name="EofI">Үлгі:Cite encyclopedia</ref>

1333 жылы Кабулда болған Марокколық саяхатшы Ибн Баттута былай айтқан: Үлгі:Start citation«Біз, бұрын ірі қала болған, Кабулға саяхат жасадық. Қазіргі кезде онда өздерін ауғандармыз деп атайтын, парсы тайпалары өмір сүреді».Үлгі:End citation

«Ираника энциклопедиясында»:<ref>Үлгі:Cite web</ref> Үлгі:Start citation«Этнологиялық көзқараспен айтқанда, «ауғандық» термині — пуштундардың парсы тіліндегі атауы. Бұл термин Ауғанстаннан шығып басқа жақтарға да кең таралған, өйткені қазіргі кезде пуштун тайпалық одағы саны жағынан да, саяси жағынан да бұл елде ең маңызды болып саналады».Үлгі:End citation

Сонымен қатар, түсініктемесінде: Үлгі:Start citation«Avagānā» деген атаумен бұл этникалық топ, алғаш рет б.з.б VI ғ. Varāha Mihira деген үнділік астрономның «Brihat-samhita» еңбегінде аталған.Үлгі:End citation

Бұл ақпаратты пуштундық әдебиет те қолдайды, мысалы XVII ғ. Хушаль-хан Хаттак<ref>«Afghan Poetry Of The 17th Century: Selections from the Poems of Khushal Khan Khattak», extract from «Passion of the Afghan» by Khushal Khan Khattak; translated by C. Biddulph, London, 1890</ref>, өз еңбегінде пуштунша былай жазған: Үлгі:Start citation«Арабтар бұны біледі, және римдіктер де біледі: ауғандар дегеніміз ол — пуштундар, ал пуштундар — ауғандар!»Үлгі:End citation

«Ауғанстан» терминін XVI ғасырда Бабыр император да қолданған: ол кезде бұл атаумен пуштундар өмір сүрген Кабулдың оңтүстік жерлері аталған.<ref>«Transactions of the year 908» by Zāhir ud-Dīn Mohammad Bābur in Bāburnāma, translated by John Leyden, Oxford University Press: 1921.</ref>

1808 жылы Ауғанстанда британдық дипломатиялық миссияны басқарған, сэр Монстюарт Элфинстон, өзінің «Account of the Kingdom of Cabul and its Dependencies in Persia and India» деген кітабында, ауғандар өздерін Иосифтің үшінші ұлы Ауғаннан бастау алатын, еврейлік рудың ұрпағымыз деп санайды, деп жазған. Бірақ, сол кезде Эльфинстон бұл теорияның расталмағандығын жазған.

XIX ғасырға дейін атау пуштундардың дәстүрлі жерлерін атау үшін ғана қолданылған. Өйткені ол кездерде ел «Кабул корольдігі»<ref>Elphinstone, M., «Account of the Kingdom of Cabul and its Dependencies in Persia and India», London 1815; published by Longman, Hurst, Rees, Orme & Brown</ref> деген атаумен танымал болған. Елдің басқа жерлерінде әр кезеңде әртүрлі тәуелсіз елдер болған, мысалы XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында өмір сүрген «Балх корольдігін» айтуға болады.<ref>E. Bowen, «A New & Accurate Map of Persia» in A Complete System Of Geography, Printed for W. Innys, R. Ware [etc.], London 1747</ref>

Ақыры, ел кеңейіп, билік орталықтандырылғанда, ауғандық басшылар корольдікке «Ауғанстан» деген атауды қабылдады. «Ауғанстан» деген есім корольдіктің атауы ретінде қолданылғандығын 1857 жылы Фридрих Энгельс<ref name="MECW">MECW Volume 18, p. 40; The New American Cyclopaedia — Vol. I, 1858</ref> айтқан. Ол атау ел Ұлыбританиядан толықтай тәуелсіздік алғанда және оны әлемдік қауымдастық мойындағанда ресми түрде қолданыла бастады. Және ол атау Ауғанстанның 1923 жылғы Конституциясымен бекітілді.<ref>Afghanistan’s Constitution of 1923 under King Amanullah Khan (English translation).</ref>

Географиясы

Үлгі:Main

Жер бедері

Ауғанстан территориясы Иран таулы қыратының солтүстік-шығысында орналасқан. Елдің көп бөлігін таулар мен олардың арасындағы алқаптар алып жатыр.<ref name="География Афганистана">География Афганистана</ref>

Елдің солтүстігінде Бактрия жазығы орналасқан, оның ішінде Қарақұмның жалғасы болып табылатын құмды-сазды шөл жатыр. Оның оңтүстігі мен шығысын таулы жүйелер көмкеріп жатыр: Сафедкох (=Ақ таулар) және Сиахкок (=қара таулар) деген жоталардан тұратын — Паропамиз және Гиндукуш таулары.

Оңтүстігінде Орта-ауғандық таулар мен Газни-Қандағар қыраты орналасқан. Батысында, Иранмен шекаралас, Наомид (=үмітсіздік шөлі) үстірті мен Систан ойпаты жатыр. Елдің қиыр оңтүстігін Гауди-Зира ойпаты, Дешті Марго (=өлім шөлі) сазды-тасты шөлі, Гармсер және Регистан құмды шөлдері алып жатыр.

Гиндукуштың батысында биіктігі 3000-4000 м Хазараджат таулы қыраты бар. Пәкістанмен шекаралас аумағында елдің ең биік нүктесі — Ношак тауы орналасқан (биіктігі 7492 м).

Климаты

Ауғанстанның климаты континентті субтропикті, қысы суық, жазы ыстық және құрғақ. Орташа температурасы мен жауын-шашын мөлшері өзгеріп отырады: қыста +8-ден -20°C-ге дейін және одан да төмен, жазда +32-ден 0 °C-ге дейін жетеді. Жылына шөлді аймақта жауын-шашын мөлшері 40-50 мм, қыраттарда — 200-250 мм, Гиндукуштың жел жақ беткейінде — 400-600 мм, оңтүстік-шығысында Үнді мұхитынан келетін муссонның әсерінен 800 мм-ге дейін жетеді. Жауын-шашынның максимумы қыс пен көктем мезгілдерінде түседі. 3,000-5,000 м биіктіктерде қар жамылғысы 6-8 ай жатады, одан жоғары — мұздықтар.

Геологиялық құрылымы

Тұран платформасының оңтүстік аймағына жататын, Бактрия жазығын қоспағанда, Ауғанстанның территориясы негізінен Алпі-Гималай қозғалмалы белдеуінде орналасқан.

Өзендері мен су қоймалары

Индке құятын, Кабулдан басқа, өзендердің барлығы ағынсыз. Олардың ішіндегі ең ірілері — елдің солтүстік шекарасымен ағатын Әмудария, жер суаруға алынатын Герируд, және Систан ойпатына Фарахруд, Хашруд, Харутруд өзендерімен бірге құятын Гильменд, олар тұщы сулы Хамун көлін құрайды. Өзендер негізінен қар суымен және мұздықтар суымен қоректенеді. Жазытықтардағы өзендердің суы көктемде молайып, жазда тартылып қалады. Таулы өзендердің гидроэнергопотенциалды қасиеті бар. Көп аудандарда жер асты сулары сумен жабдықтау мен суару көзі болып табылады.

Пайдалы қазбалары

Ауғанстанның жер асты қойнауы пайдалы қазбаларға бай, бірақ шеткері таулы аймақтарда орналасқандықтан оларды өндіру өте қиын.

Тас көмір мен бағалы металлдар кені, берилл, күкірт, тұз, мәрмәр, лазурит, барит, целестин кендері бар. Мұнай, табиғи газ, гипс кен ошағы кездеседі. Мыс, темір, марганец ен орындары зерттелген.

Кабулдың жанындағы Айнак мыс кені, Еуразиядағы ең ірі кен ошағы болып саналады (кен қоры 240 млн т., құрамы 2,3% (2006 ж. бағалау)). Және Кабулдың маңында Хаджигек темір кен орны бар (кен қоры 428 млн т., құрамы 62-68%), ол оңтүстіказиялық аймақтағы ең ірісі.<ref>Афганистан. Ру — Костыль для Карзая</ref>

Тарихы

Үлгі:Main

Сурет:Indo-Sassanid.jpg
Көп ғасырлар бойы Ауғанстан Парсы империясының шығыс бөлігі болды. Сол кезден бері иран мәдениетінің бір бөлшегі болып табылады.

Ауғанстан — тарихы тереңде жатқан мемлекет. Ең алғашқы адамдар Ауғанстанның территориясында, шамамен 5000 жыл бұрын пайда болды, және бұл аймақтағы ауылдық қауым әлемдегі ең алғашқылардың бірі.<ref>Sites in Perspective, chapter 3 of Nancy Hatch Dupree, An Historical Guide To Afghanistan.</ref><ref>Afghanistan, Microsoft Encarta Online Encyclopedia 2006 (specifically John Ford Shroder, B.S., M.S., Ph.D. Regents Professor of Geography and Geology, University of Nebraska. Editor, Himalaya to the Sea: Geology, Geomorphology, and the Quaternary and other books).</ref>

Зороастризм Ауғанстанның территориясында б.з.б. 1800-800 ж.ж. пайда болған, ал Заратустра Балхта өмір сүрген.<ref>The history of Afghanistan, Ghandara.com website</ref><ref>Afghanistan: Achaemenid dynasty rule, Ancient Classical History, about.com</ref> Бұл аймақта, зороастризмнің гүлденген шағында, ежелгі шығыс иран тілдерінде сөйлеген (мысалы, авеста тілі). Б.з.б. VI ғ. ортасында, Ахеменидтер Ауғанстанды Парсы патшалығының құрамына кіргізді.

Ахеменидтер империясы б.з.д. 330 жылы Ескендір Зұлқарнайынның соққысынан құлап, Ауғанстан Ескендірдің империясының құрамына енді. Ескендір Зұлқарнайынның империясы ыдырағаннан кейін Ауғанстан Селевкидтер мемлекетінің бөлігі болды. Олар б.з.д. 305 ж. дейін елді биледі, Буддизм аймақтағы басты дінге айналды.

Сурет:Greco-BactrianKingdomMap.jpg
Грек-бактрия патшалығының гүлденген шағы

Кейін аймақ Грек-бактрия патшалығының бөлігі болды. Сақтар үнді-гректерді б.з.б. II ғ. Ауғанстаннан қуып шықты. Грек-бактрия патшалығы б.з.д. 125 ж. дейін өмір сүрді.

I ғ. Парфия империясы Ауғанстанды жаулап алды. Б.з. II ғ. орта-аяғында Кушан империясының орталығы қазіргі Ауғанстанда орналасқан, олар будда мәдениетінің қомқоршысы болды. III ғ. Кушандарды Сасанидтер әскері талқандады.<ref>Dani, A. H. and B. A. Litvinsky. «The Kushano-Sasanian Kingdom». In: History of civilizations of Central Asia, Volume III. The crossroads of civilizations: A.D. 250 to 750. Litvinsky, B. A., ed., 1996. Paris: UNESCO Publishing, pp. 103—118. ISBN 92-3-103211-9</ref> Бірақ, өздерін кушандармыз деп атайтын (белгілі болғандай Сасанидтер) басшылар елдің бір бөлшегін басқауын жалғастыра берді.<ref>Zeimal, E. V. «The Kidarite Kingdom in Central Asia». In: History of civilizations of Central Asia, Volume III. The crossroads of civilizations: A.D. 250 to 750. Litvinsky, B. A., ed., 1996, Paris: UNESCO Publishing, pp. 119—133. ISBN 92-3-103211-9</ref> Ақырында кушандарды ғұндар толықтай талқандап, V ғ. бірінші жартысында бұл аймақта эфталиттер өз мемлекетін құрды.<ref>Litvinsky, B. A. «The Hephthalite Empire». In: History of civilizations of Central Asia, Volume III. The crossroads of civilizations: A.D. 250 to 750. Litvinsky, B. A., ed., 1996, Paris: UNESCO Publishing, pp. 135—162. ISBN 92-3-103211-9</ref> Эфталиттерді сасан патшасы Хұсрау I және 557 жылы Түркі қағанатының әскерлері талқандады. Алайда, эфталиттер мен кушандардың ұрпақтары Кабулистанда кішігірім мемлекетін құра алды, оны соңында мұсылмандық басшылар Саффаридтер жаулап, кейін ел Саманидтер және Газневидтер мемлекеттерінің құрамына кірді.

Исламдық және моңғолдық кезең

Сурет:Califate 750.jpg
Ауғанстан — Араб халифатының шығыс бөлігі (750 жыл).

VII ғ. Ауғанстанның батыс бөлігін арабтар жаулап алып, өз мәдениеті мен жаңа дін — исламды әкелді. Бірақ ислам біржола тек X ғасырда, аймақ Саманидтер империясының құрамына енгенде ғана, орнықты.]<ref name = "Krugosvet-history">Он-лайн энциклопедия «Кругосвет»: История Афганистана</ref>

X ғасырда елге Орта Азиядан түркілер келді. Ауғанстан аумағында және Иранның, Орта Азияның, Үндістанның бір бөлігінде Газневид империясы (астанасы — Газни қ.) пайда болды. Ғылым мен мәдениеттің гүлденуі басталды.<ref name = "Krugosvet-history"/>

XII ғасырда жергілікті ауғандық Гуридтер династиясы күшейіп, өз билігіне Ауғанстан мен көршілес территорияларды біріктірді. XIII ғ. басында Гуридтерді Хорезмдер жаулап алды.

XIII ғасырда аумаққа Шыңғысхан басып кірді.<ref name = "Krugosvet-history"/> Ауғанстан Моңғол империясының құрамына кіріп, оның орнына моңғолдарға бағынатын Курттар әулетінің мемлекеті өмір сүрді. Ауғанстан екі моңғол ұлыстарының шекарасында орналасты — Хулагу мемлекеті мен Шағатай ұлысы. XIV ғасырдың екінші жартысында Ауғанстан Әмір Темірдің империясының құрамына кірді. Ал оның өлімінен соң, бұл жерді Тимуридтер басқарды. Олардың арасында ең танымалы Ұлы Моғолдар империясын құрған, Кабул билеушісі Бабыр.

XVI-XVII ғасырларда Ауғанстан территориясы үшін Сефевидтік Иран мен Үндістандық Ұлы Моғолдар империясы тартысты.

Хотаки әулеті

Үлгі:Main

XVIII ғасырда Ауғанстан Парсы империясы, ирандық Сефевидтер әулетінің құрамына кірді. Персияның әлсіреуінен кейін және бірнеше көтерілістерден кейін ауғандықтар тәуелсіз патшалықтар құрды, олар — Қандағар және Герат. Қандағар патшалығы Мир Уәйс негізін қалаған, пуштундық Хотаки әулетінің қол астында болды. 1722 жылы ауған әскерлері Персияға қарсы жорық жасап, оның астанасы Исфаханды жаулап алды, бірақ кейін Нәдір-шахтан жеңіліп қалды.

Содан кейін Нәдір-шах өз билігін Ауғанстанға жүргізді. Бірақ оның билігі онда тұрақсыз болып, 1747 жылы Сефевидтер империясы құлады.

Дуррани мемлекеті

Сурет:Afgempdur.jpg
Дуррани империясының гүлденген шағы

Үлгі:Main

Дуррани империясын 1747 жылы Қандағарда әскери командир Ахмад-шах Дуррани құрды. Ол алғашқы біртұтас ауған мемлекеті болды. Алайда оның мұрагерлерінің кезінде, империя бірнеше жеке патшалықтарға ыдырап кетті. Олар: Пешавар, Кабул, Қандағар және Герат патшалықтары.

Қазіргі тарихы

Ағылшын-ауған соғысы

Үлгі:Main

Еуразия материгіндегі стратегиялық орнына байланысты, Ауғанстан сол кездегі ірі державалар Британ және Ресей империясының соғыс алаңына айналады. Бұл шайқас «Үлкен ойын» деген атау алған. Ауғанстанды жауламақшы болып, Британ ипериясы бірнеше рет соғыс ісін жүргізген. Бірақ 1919 жылы 9 тамызда Ауғанстанның тәуелсіздігін мойындаға мәжбүр болды.

Ауғанстан патшалығы

Сурет:Bundesarchiv Bild 102-05494, Berlin, Besuch König von Afghanistan.jpg
Король Аманулланың Берлинеге барған шағы. Бұл сапардан кейін Ауғанстан мен Германияның стратегиялық әріптестігі бастау алды

Үлгі:Main

РКФСР Ауғанстанды ең алғаш мойындап, 1919 жылдан бастап Ресей Федерациясымен дипломатилық қарым-қатынас орнатуда.

Алғашқы республика және Дәуіт диктатурасы

Үлгі:Main

1973 жылы 17 шілдеде Ауғанстанда мемлекеттік төңкеріс болды. Монархия құлап, елде республика жарияланды. Бұл тарихи кезең саяси тұрақсыздықпен сипатталады. Президент Мұхаммед Дәуіт реформа жасап, елді модернизацияламақшы болды, бірақ ақыр аяғында оны істей алмады.

Сәуір революциясы

Үлгі:Main

Елде 1978 жылы сәуірде революция басталды. Приезидент Мұхаммед Дәуіт отбасымен бірге өлтіріліп, билікке коммунистік «Ауғанстанның халық-демократиялық партиясы» (АХДП) келді.

Ауғанстан Демократиялық Республикасы. Азамат соғысының басталуы

Үлгі:Main


1978 жылы сәуірде, Сәуір революциясынан кейін, Ауғанстан Демократиялық Республикасы жарияланды. Елбасы болып Нұр Мұхаммед Тараки, ал Революциялық кеңестің төрағасы болып Хафизулла Әмин сайланды. Басшылық радикалды реформа жасауды қолға алды, әсіресе секуляризация бойынша. Бірақ, ол дәстүрлі ауған қоғамының наразылығына ұшырады. Елде Азамат соғысы басталды. Сөйтіп басқарушы партия АХДП екі фракцияға бөлінді — Хальк және Парчам, олардың өзі билікке талас жүргізді. Нұр Мұхаммед Тараки өлтіріліп, ел басшысы болып Хафизулла Әмин сайланды. КСРО-да Әминді сенімсіз адам, ол кез келген уақытта Батысқа бет бұрып кетуі мүмкін деп санады.

Сондықтан кеңестік билік Әминді тақтан тайдыртып, көтерілісшілерді басу үшін коммунистік басшылыққа көмек көрсету мақсатымен елге әскерін енгізуге шешім қабылдады. Қорытындысында, КСРО әлі күнге дейін жалғасып жатқан азаматтық соғысқа араласты. АҚШ-тың ресми мәлімдемесі бойынша: КСРО Ауғанстанға басып кіріп, оны жауап алды деп айыптады. Президенттік сарайда кеңестік спецназбен ұрыс жүрап жатқанда Әмин қайтыс болып, Революциялық кеңестің төрағасы орнына Бабрак Кармаль келді.

Кеңестік әскерлерге қарсы ауғандық мұджахедтер соғысты. Кейіннен оларға АҚШ, Қытай және т.б. елдер қаржылай жәрдем, қару-жарақ, оның ішінде көбінесе «Стингер» ракеталы кешенімен көмек көрсетті. Қарсыластық аяқталмаған соң, аяғында КСРО өз әскерін Ауғанстаннан алып шықты.

1986 жылы 4 мамырда Үлгі:Abbr-нің шешімі бойынша Б. Кармаль «денсаулығына байланысты» жұмысынан босады. Оның орнынан кетуі, КСРО-да билікке Горбачевтің келуіне тікелей байланысты. 1 қазанда Ауғанстан Демократиялық Республикасының Рефолюциялық кеңесінің жаңа төрағасы болып Мұхаммед Наджибулла сайланды. Бір айдан соң, 30 қарашада, Сәуір революциясы кезінде алынып тасталған президент статусы жаңа Лойя джирга конституциясы бойынша, қайта қалпына келтіріліп, Мұхаммед Наджибулла президент болды. Кеңестік әскерлер 1989 жылы елден шығарылыд. Кеңес Одағының әскері кеткен соң (1989), Наджибулла төрт жыл бойы билікте болды.

Талибтердің билікке келуі

Үлгі:Main

1989 жылы елден кеңес әскері кеткен соң, азамат соғысы аяқталған жоқ, керісінше жаңа күшпен жалғасты. Елдің солтүстігінде далалық командирлер тобы Солтүстік алянс ұйымын құрды. 1992 жылы көтерілісшілер Кабулге басып кіріп, Ауғанстан Демократиялық Республикасы өмір сүруін тоқтатты. Ахмад Шах Масуд пен Гүлбеддин Хекматияр билікке таласып жатқанда екі жақты артиллерия Кабулды оқтын астына алды. Сөйтіп, ауғандық мәдени және тарихи ескерткіштерінің көбі қиратылды.<ref>Афганистан: Ностальгия по «Талибану»? — Фергана. Ру</ref> Сол кезде оңтүстікте «Талибан» қозғалысы өріс алып жатты. Негізінен талибтердің көбі ұлты бойынша пуштундар болды, сондықтан олар өздерін пуштун халқының мүддесін қорғаушылармыз деп жариялады. Олардың мақсаты Ауғанстанда радикалды ислам мемлекетін құру еді.

1996 жылы талибтер елдің көп бөлігін бақылауында ұстады. Қыркүйекте Кабул жауланған соң, Мұхаммед Наджибулла өлтірілді, ал Солтүстік альянс елдің солтүстігіндегі шекаралық аймақтарына ығысты. Талибтердің билігі басқа діндегілерге қысым жасаумен (атап айтқанда, әлемдік қауымдастықтың, соның ішінде мұсылмандық елдердің қарсылығына қарамастан, талибтер Бамиан Буддаларын «кәпірлердің пұттары» деп, жарып жіберді) және қатігездікпен (мысалы, ұрылардың қолын кесті, әйелдер мен қыздарға мектепке баруға және қасында ер адам болмаса далаға да шығуға тыйым салынды және т.б.) ерекшеленді<ref>Исламский Эмират Афганистан: тоталитарный режим рубежа XXI века.</ref>.

1980 жылдардың<ref>Хайдар Махмадиев. Нельзя преуменьшать опасность, исходящую от производства наркотиков в Афганистане Үлгі:V</ref> аяғынан бастап, Ауғанстанда есірткі өндіру белең алды. 1999 жылы талибтердің билігі кезінде, апиын өнімі рекордық дәрежеге жетіп, 4600 тоннаны құрады<ref>PRESS CONFERENCE ON AFGHANISTAN OPIUM SURVEY 2004 Үлгі:V</ref>. В 2000 году из-за сильной засухи было собрано 3275 тонны опиумного мака<ref>Афганистан — крупнейший в мире поставщик опиума-сырца</ref>. 2000 жылы қатты құрғақшылық кезінде 3275 тонна көкнәр тұқымы жиналды. Сол жылы әлемдік қауымдастықтың қысымы бойынша<ref>Екатерина Туранова. Афганистан. История одного наркогосударства. meast.ru Үлгі:V</ref>, талибтер өз бақылауындағы аумақтарына көкнәр өсіруге тыйым салды. Қорытындысында 2001 жылы Ауғанстанда рекордтық төмен өнім жиналды: Солтүстік альянстың бақылауындағы Бадахшан провинциясында барлығы 185 тонна апиын жиналды.<ref>World Drug Report — archive</ref>

Халықаралық террорист Усама бен Ладен 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі теракттан кейін, талибтік Ауғанстанда баспана тапты. Ол Ауғанстанға АҚШ әскерінің басып кіруіне себеп болды. Бірақ кейбір журналисттер: АҚШ әскерінің басып кіруінің себебі, АҚШ шарты бойынша салынатын Трансауған құбырына (ТАПИ, Түркіменстан — Ауғанстан — Пәкістан — Үндістан) талибтердің қарсы болуы. АҚШ 11 қыркүйектегі оқиғалардан жарты жыл бұрын, Ауғанстанға күшпен ену жоспарын құрып қойған, — деген пікір айтқан.<ref>Антинаркотический фронт</ref>

2001 жылдан бері жалғасып жатқан Ауғанстан соғысы

Үлгі:Main «Мызғымас бостандық» операциясы кезінде, 2002 жылдың басында талибтер режимі құлады. Бірақ «Талибан» қозғалысы толықтай жойылған жоқ. Негізгі күштері Вазиристан таулы аудандарына кетті, ал қалғандары Ауғанстан мен Пәкістан территорияларында партизандық соғыс жүргізуде.

Ауғанстан Республикасы

Талибтер режимі құлаған соң, қазіргі Ауғанстан Республикасы жарияланды. 2001 жылы желтоқсанда ауған саяси қайраткерлерінің Бонн конференциясында Хамид Карзай Ауғанстанның өтпелі әкімшілігінің басшылығына қойылды. 2002 жылы шілдеде Лойя джирга (Ауғанстанның барлық халықтарының, тайпаларының және топтарының басшылары кіретін Жоғарғы кеңес) оны елдің уақытша президенті қылды. 2004 жылы жаңа Конституция қабылданып, бірінші президенттік сайлау өткенде, Хамид Карзай жеңіске жетті.

2009 жылдың 20 тамызында елде кезекті президенттік сайлау өтіп, тағы жеңіске Хамид Карзай жетті.<ref>Afghanistan Election Data</ref>

Бұған қарамастан, елде бұрынғыдай азаматтық соғыс жалғасуда, бірақ енді Ауғанстандағы халықаралық көмек көрсету күшінің (ISAF) қатысуымен бірге болып жатыр.

Мемлекеттік рәміздері

Туы

Үлгі:Main Қазіргі ту 2004 жылы қабылданған. Байрақ тігінен орналасқан үш түстен (қара, қызыл және жасыл) құралған. Дәл ортасында, яғни қызыл түстің ортасында Ауғанстанның мемлекеттік эмблемасы бейнеленген. Қара түс тарихи өткенді - британдық отарлаушылармен күресті көрсетеді, қызыл түс - бостандық үшін төгілген қан, жасыл түс - исламның дәстүрлі түсі. Жалау пропорциясы - 7:10.

Елтаңбасы

Үлгі:Main Ауғанстанның елтаңбасы мемлекеттің құрылуынан бастап, өмір сүріп келеді. Гербте масақпен көмкерілген мінберлі мешіт орналасқан. Мешітке Ауғанстанның екі туы тақап қойылған. Жоғарғы жағында күннің сәулесімен жарқыраған ислам сенімінің белгісі - Шаһада бейнеленген, оның астында тәкбір («Аллаһ ұлық» жазуы) орналасқан. Мешіт астында - 1298 жыл деген дата жазылған, яғни ислам күнтізбесі бойынша 1919 жыл, елдің тәуелсіздік алған кезі. Елтаңба Ауғанстанның туында да бейнеленген.

Әнұраны

Үлгі:Main Қазіргі әнұран 2006 жылы қабылданған. Гимн сөзі пушту тілінде орындалады, оның ішінде тәкбір («Аллаһ ұлық» жазуы) айтылып, Ауғанстанда өмір сүретін барлық халықтар аталады.

Билік жүйесі

1973 жылға дейін Ауғанстанда монархиялық билік орнады. 1973 жылы әскери төңкеріс болып,"республика" жарияланды. 1978 жылы тағы да қанды төңкерістен кейін өкімет басына Революциялық кеңес келді. Оны қолдау үшін 1979 жылы желтоқсанда Ауғанстанға Кеңес Одағының әскерлері кіріп, онда 1989 жылдың 15 ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді. Кеңес әскерлері шығарылғаннан кейін де Ауғанстанда азамат соғысы жалғаса берді. Ұзаққа созылған соғыс елді әлсіретіп, халықты күйзеліске ұшыратты.

1997–1998 жылы Қазақстан Республикасының үкіметі Ауғанстандағы қазақтарды көшіріп әкелген болатын.

Шаруашылығы

Ауғанстан — аграрлы ел. Экономикасының негізі – суармалы егіншілік пен мал шаруашылығы. Жалалабад каналы мен Сарда су қоймасы бар. Қой шаруашылығы жақсы дамыған. Сонымен қатар миллиондаған ешкі мен ірі қара, түйе мен жылқы өсіріледі. Бау-бақша өнімдері, бидай, жүгері, күріш, мақта, қант қызылшасы сияқты дақылдар өндіріледі.

Ауғанстан өнеркәсібін су электр стансалары мен әскери-механикалық зауыт сияқты бірді-екілі кәсіпорындар құрайды. Солтүстік шекарасында газ құбыры тартылған. Тас көмір мен цемент өндіріледі. Өңдеуші кәсіпорындар мақта мен жүннен мата тоқиды, жасанды жібек шығарып, аяқ киімдер тігеді. Экспортқа негізінен қаракөл елтірісі мен жүн шығарылады.<ref>Балалар Энциклопедиясы, II- том</ref>

Қазақстанмен қатынасы

Қазақстан Республикасы мен Ауғанстан Ислам Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 12 ақпанда орнатылды. 2002 жылы Кабулда ашылған ҚР Дипломатиялық миссиясы 2003 жылдан бастап Елшілік мәртебесінде жұмыс істеуде. 2011 жылғы маусым айынан бастап Қазақстанның Ауғанстандағы Елшісі Ө.Бітімов. 1993 жылдан бастап Ауғанстанның Елшілігі Қазақстанда жұмыс істеуде. 2005 жылы елшілік Астанаға көшті. 2013 жылғы желтоқсан айынан бастап Ауғанстанның Қазақстандағы Елшісі Мұхаммад Фарук Бараки. Қазақ-ауған қарым-қатынастары үдемелі дамып келе жатыр. Мемлекет басшылары халықаралық шаралар аясында тұрақты түрде кездеседі.

Сауда-экономикалық қатынастарды дамытуда Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Ауғанстан бірлескен үкіметаралық комиссиясы (ҮАК) маңызды рөл атқарады.

ҮАК қазақстандық жағының тең төрағасы ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрі В.Божко, ауған жағының тең төрағасы АИР Сауда және индустрия министрі Мұхаммад Шакер Каргар болып табылады.

ҮАК-ның алты отырысы өткізілді: екі отырыс Астанада (2007 ж. 17-18 қыркүйекте және 2010ж. 5-6 мамырда), үш рет Кабулда (2008 ж. 13 желтоқсанда, 2011 ж. 26-27 қыркүйекте және 2013ж. 16-18 қыркүйекте) және бір отырыс Алматыда (2012ж. 26-27 қыркүйекте). Қазақстанда ауған азаматтарына білім беру бағдарламасы жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда Қазақстанның оқу орындарында 655 ауған азаматы білім алуда.

ҚР Үкіметі Ауғанстандағы мектеп, емхана және жолдардың құрылысына 2,38 млн. АҚШ долларын бөліп, 20,15 мың тоннаға жуық азық-түлікті гуманитарлық көмек ретінде жеткізді (жалпы сомасы 17,09 млн. АҚШ долл.).

Екіжақты тауар айналымы 2013 жылы 251,4 млн. АҚШ долл. құрады (экспорт – 248,63 млн., импорт – 2,8 млн.). Екіжақты шарттық-құқықтық базасы ҚР мен АИР арасындағы Қарым-қатынас пен ынтымақтастық негіздері жөніндегі шарттан, сауда-экономикалық ынтымақтастық, білім саласындағы ынтымақтастық, есірткі құралдарының, психотропты және оған үйлес заттар мен прекурсорлардың заңсыз айнылымымен және теріс қолданылуымен күрес саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдерден, сондай-ақ Дипломатиялық қарым-қатынастар орнату жөніндегі Хаттамадан тұрады.

Тағы қараңыз

Дереккөздер

<references/>

Сыртқы сілтемелер

Үлгі:Commons

Үлгі:Мемлекет тақырыптарда Үлгі:Орталық Азия Үлгі:Азия Үлгі:Ислам Әріптестік Ұйымы Үлгі:Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы