Атмайы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

08:48, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Атмайы — дәстүрлі қазақ қоғамында қалыптасқан салт. Бай, дәулетті адамдар тұрмысы жұтаң, жоқ-жітік, ағайын-жекжаттың, ауылдастарының әл-ауқатын көтеру, жәрдем беру мақсатымен оларға уақытша пайдалануға мал бөліп берген. Көшпелі шаруашылықты ұйымдастырудың табиғи-геогр. ерекшеліктерінен туындаған бұл дәстүр біртіндеп әлеум.-құқықтық нормаға айналған. А. ретінде алынған мал өзара келісімге орай иесіне жалқы күйінде, яки, бұрынғы санымен, кейде өсімімен, яки, төлімен қайтарылуы мүмкін. Кгер әл-ауқаты жақсарып, дәулеті жете тұра, борышкер А-н қайтарылып бермесе, малдың түп иесі билер сотының төрелігіне жүгінуге құқылы болған. Бірақ, бұл сирек кездескен. “Малым — жанымның садағасы, жаным — арымның садағасы” деген тәмсілді қағида тұтқан қазақ халқы А-н келісілген мерзім ішінде қайтаруды адамгершілік парыз санаған.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Атмайы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}