Асқар Меңдіахметұлы Қонаев
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Асқар Меңдіахметұлы Қонаев (14.7.1929 жыл, Алматы қаласы – 31.3.1999 жыл, Алматы) – ғалым-металлург, техника ғылымдарының докторы (1970), профессор (1972), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (1981), Қаз КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1976).
Өмірбаяны
- Мәскеу болат және қорытпалар институтын бітірген (1951).
- 1951 – 53 жылдары Теміртау металлургия зауытында болат қорытушы
- 1953 – 88 жылдары Қазақстан Ғылым Академиясының Металлургия және кен байыту институтында ғылыми қызметкер, институт директоры (1970 – 72)
- 1972 – 74 жылдары Қазақстан Ғылым Академиясының вице-президенті
- 1974 – 86 жылдары президенті
- 1996 – 99 жылдары Қазақстан Ғылым Акадкмиясының Металлургия және кен байыту институтының құрметті директоры болды.
Ғылыми еңбектері
- Негізгі ғылыми еңбектері кен өңдеудің физика-химия кешенді технологиясын дамытуға арналған.
- кремнийге бай сирек кездесетін металл кендері мен фосфориттердің тотығуын және қалпына келуінің жаңа заңдылықтарын тапты;
- қорғасын өндірісі қалдықтарын электротермиялық жолмен қайта өңдеу әдісін металлургия өнеркәсібіне енгізді (Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы, 1972);
- басқа ғалымдармен бірлесіп, мыс, қорғасын және мырыш алудың КИВЦЭТ-тік технологиясын жасады (КСРО Мемлекеттік сыйлығы, 1978);
- қатарынан фосфор мен кешенді легирлеуші қорытпалар алудың жаңа технологиясын жасады (Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы, 1982);
- өнеркәсіптік көлемде фосфорлы темір кенін өңдеу технологиясын жасап өндіріске енгізді (КСРО Мемлекеттік сыйлығы, 1984).
Жетістіктері
- 9 – 10-сайлауда КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды.
Марапаттары
- Ленин
- Октябрь Революциясы
- Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және медальдармен марапатталған.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>