Асыл мұра (телебағдарлама)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

14:35, 2017 ж. наурыздың 28 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету

Асыл мұра - айдарымен 1990-95 жылдары эфирден берілген хабар.<ref> "Қазақ телевизиясы", Энциклопедия, "ҚазАқпарат" Алматы, 2009 1-т, ISBN 978-601-03-0070-5 </ref>. Мақсаты - қазақ халқының шешендік, топ алдында сөз бастау, сөздің мазмұның аңғару, сөз түсіну және аталы сөзге тоқтау өнерін бағамдау. Хабардын тақырыпты іздеу және тандау ауқымы кең болды.

Автор Түркістан қаласына барып, Ахмет Яссауи мазарыньң тарихы және қазақтың әулиелері мен дарынды тұлғалары жайында бірнеше телехабарлар дайындап көрермен назарына ұсынды. Облыстағы термешілермен кездесіп, олардын жинақтаған халық мұраларын теледидардар арқылы көрерменге жеткізді. Сол жылдары облыста (Павлодар) ашыла бастаған "Атамұра" мәдени орталықтарында ұйымдастырылған мәдени іс- шаралардан репортаждар, хабарлар көрермендер көзайымы болды. Хабардың авторы және жүргізушісі Наржан Паятов, режиссері - Жанна Тұяқова. Ұзақтығы - 30 мин.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}