Астасу белгілері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

11:16, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Астасу белгілері геологиялық денелердің жапсарласу ерекшеліктерін нақтылайтын мәліметтер жиынтығы. Олар тау жынысы қабатының, желінің, жарылым жігінің т.б. кеңістікте орналасуын анықтайды. А. б. созылу азимуты, еңістену азимуты және еңістену бұрышы деп аталатын үш түрлі өлшеммен сипатталады. С о з ы л у а з и м у т ы — геол. дененің созылу бағыты (аа) мен бақылау нүктесі арқылы жүргізілген меридиан сызығының аралығындағы сағат тілі бағытымен өлшенетін бұрыш (суретті қ.) Е ң і с у б ұ р ы ш ы — геол. дене бетінің көлбеу бағыттан (бв) еңісу бұрышы ((). Ол созылу сызығына перпендикуляр бағытта өлшенеді. Еңістену азимуты — бақылау нүктесі арқылы жүргізілген меридиан сызығы мен геол. дене бетінің еңістену бағытының (бб) аралығындағы сағат тілі бойынша өлшенген бұрыш. А. б. тау-кен компасы арқылы анықталады.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}