Астана

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

16:53, 2016 ж. қарашаның 22 кезіндегі Arystanbek (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Елді мекен Үлгі:Мағына

Астана — Қазақстан Республикасының елордасы. Астанада 880 191 адам тұрады (1 мамыр 2016)<ref>2015 жылғы 1 мамырға Қазақстан Республикасының облыстары, қалалары және аудандары бойынша халық саны</ref>. Қазір қаланың аумағы 710 км2 алып жатыр. Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан.

Атауы

Қаланың атауы қазақ тілінен алынған. Қазақша ол сөз елдің бас қаласы дегенді білдіреді. Астана сөзі қазақ тіліне парсы тілінен ауысқан. Онда ол "киелі орын", "босаға" деген мағыналарға ие.

Астана қаласының Бас жоспары

Үлгі:Main Астана қаласының Бас жоспарыАстана қаласының тіршілік-тынысының қолайлы ортасын құру және оны орнықты дамыту, экологиялық қауіпсіздікті, табиғат пен мәдени мұраларды сақтау мақсатында жасалған қала құрылысының жоспары. Бұл жоба Қазақстанның президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен іске асып жатыр.

Табиғаты және табиғи қоры

Жалпы мәлімет

Бүгінгі заман қаласы-өзін қоршаған экономикалық кеңістікпен және табиғи ортамен алуан түрлі экономикалық - географиялық қарым-қатынастағы, демографиялық жолмен қалыптасатын , әлеуметтік - экономикалық күрделі жаратылыс. Антропоэкологиялық тұрғыдан алғанда - ол, ең алдымен, адам өз қолымен жасаған ортада оның тығыз қауымдастығы. Әлеуметтік-техникалық прогрестің көптеген белгілері осы "қала" ұғымымен астатыс жатыр , алайда қалаға шоғырланған өркениет адам баласына тек игілік сыйлай бермейді. Техногенді қалалық орта адамның әлеуметтік басты сапасы- оның денсаулығына зор әсерін тигізеді. Қарқынды қала құрылысы , соған орай тұрғындар санының артуы жылу мен су қорына, көлік пен коммуналдық инфрақұрылымға деген сұранысты үдете түседі, осыдан келіп ауаны ластанудан тазарту, өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды жиыстырып отырудың жүйелі жолын қарастыру мәселері туындайды. Табиғи ортаның басты көздері -су, ауа, жер атаулы, қалың көпірдің қолданысына түсіп, үлкен өзгеріске ұшырайды. Мұндағы басты мәселе , ауа мен су көзінің қашанда жаңарып , тазарып отыруы, табиғатты қоқысқа толтыратын қалдықтардың мөлшерін мүлде азайту ғана қала өмірін жақсартуға мүмкіндік әкеледі. Қаланың топырақ жамылғысы да ерекше күтімді қажет етеді.
ҚР Үкіметінің 1999 жылғы 8 сәуіріндегі №381 қаулысымен Астана қаласының болашақтағы дамуы ескеріліп, қала маңы аумағын қарқынды игеру жағдайына орай аумаққа Целиноград, Шортанды және Ақмола облысының Аршалы ауданы жерінің бір бөлігі және Вячеслав бөген іаймағы енгізілді.
Астана қаласының аумағ ыҚР Үкіметінің 2000 жылдың 8 тамызындағы №432 жарғысымен Промышленный , Железнодорожный, Көктал, Интернационал, Мичурин кенттері мен Күйгенжар, Пригородный, Тельман атындағ ыауылдардың және Цилиноград пен Шортанды аудандары жерінің бөлігін қосу есебінен ұлғайтылды.
Бүгінде Астана -71014 га (1998 ж. -25,8 мың га болған) аумақты алып жатқан ірі мегополис, соның ішінде Алматы ауданы- 46257 га; Сарыарқа ауданы 24757 га аумақты қамтиды. Тұрғынының саны 2007 ж. 574,4 мың адамнан асты.
Бүгінгі таңда Астана - мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен айтқанда, ол жаңаны кейіптейтін , Қазақстанның динамикалық дамып келе жатқан жаңаруының, біздің тәуелсіз республикамыздың нышаны. Статистикалық деректер бойынша Астананың аймақтық жалп ыөнімі (АЖӨ) 2007 ж. 830,7 млрд теңгені құрады. Елдің жалпы ішкі өнімінің 10% Астана қаласының үлесіне тиесілі.

Жер бедері

Астана қаласы Есіл өзенінің жағалауындағы жазықта және ішінара өзен аңғарында орын тепкен. Аумақтық жер бедері еңісі мен биігі байқалмайтын жазық болып келуімен сипатталады. Мұндағы ойдым-ойдым көлтабандарда ғана қар суы мен көл немесе сор-сазда уытты көлшіліктер пайда болады. Қала қуаң дала белдеуінде , оның күңгірт қоңыр , қоңыр топырақты,бетегелі-селеулі іші қуаң белдеуінде орналасқан. Топырақ жамылғысы біртекті емес, алуан сипатты. Қала орналасқан өңірдің ⅔ аумағын жадағай толқынды , суайрықты жазықтық алып жатыр. Қала аумағының жер бедерінен айтарлықтай еңіс немесе көзге шалынардай өр байқалмайды, мұндағы геморфологиялық бөлшектер бір-біріне ұласа жалғасып кете барады. Жазық Есіл өзеніне қарай аздап еңістеу болып келеді.

Климаты

Климатының өзіндік ерекшелігі тым континентік болып келеді, жауын-шашынның орташа жылдық мөлшерінің аз және күн көзінің өткір болуы салдарынан көлдердің суы азайып, шағын өзен арналардың кеуіп қалуына әсерін тигізеді. Қысы суық, аязды. Ызғарлы аяз шамамен 245 күнге, ал қыстың ұзақтығы 5-5,5 айға созылады. Қарашаның ортасына қарай түскен қар 130-140 күнге дейін жатады. Қаңтар айының орташа температурасы -17°С (52°С-қа көтерілетін аяз өте сирек болады). Аязды күндердің орташа температурасы -25°С. Мұндай күндердің ұзақтығы жылына 10-14-тен 38-45 күнге дейін ауысып отырады. Қыс айларының шамамен 30 күні боранды , боран оңтүстік-батыстан соғады. Қар қалың түскен жылдары өзендер тасып, көлтабандар көлге , көлдер шалқыған айдынға айналады. Бұлтты күндер аз, жылына шамамен 2200 сағаттай күн бұлтсыз ашық болады. Жазы ыстық, қуаң. Шілде айының температурасы ең жоғарылаған кезде +42°С -ға жетеді. Ең жоғары температура шілденің 11-12 күнін қамтиды. Жылы мезгіл шамамен 213 күнді, аязды мезгіл 120 күнді құрайды. Жазғ ынайзағалы күн саны шамамен 19-25 күн аралығында , ұзақтығы 2,4 сағат. Жазда 1-2, кейде 4-9 күндей бұршақ жауатын мезгіл байқалады. Жерге түсетін ылғалдың жылдық мөлшері 300 мм, оның 30 %-көктемге, 34 %-жазға, 36% күз, қыс айларына келеді. Жел жиі соғады, орташа жылдамдығы-2м/сек. Желдің қаттырақ соғатын мезгілі наурызға (6 м/сек), баяу соғатын мезгілі тамызға (4 м/сек) келеді. Ал жылына 40 кейде 87 күн қатты жел соғатын (15 м/сек жуық) тұсы болады. Өте күшті дауыл (36 м/сек) 20 жыл мөлшерінде бір рет байқалған.

Су қоры

Астана қаласы қуаң аймақта орналасқан, негізгі су қоры өзен және жерасты су көздерінен құралады. Бастауын Нияз таулары бұлақтарынан алып, қысқы қар, жазғы жауын суымен толысып отыратын Есіл өзені қаланың негізгі су артериясы болып табылады. Есілдің қаладан ағып өтетін тұсынан шағын екі өзен Сарыбұлақ пен Ақбұлақ келіп құяды. Қаланы 25-30 км төңіректе шағын өзен-көлдер қоршап жатыр. Олардың кейбіреуі тұщы, кейбіреуі кермек сулы болып келеді. Негізгілері: Сасықкөл, Жоламан, Тышқанкөл, Танакөл, Жылтыркөл, Тазкөл, Қайнарлы, Тағанкөл, Майбалық, Бұзықты, Жалаңаш , Шенет, Ағанас, т.б.
Есіл өзенінің арналы ағысының ұзақтығы 562 км, су жиналу алабы 48 100 шаршы км. Оның Қазақстанды көктеп өтетін ұзындығы- 1 100 км, ал жалпы ұзындығы -2450 км. Есіл Ресейдің Тюмень және Омбы облыстары арқылы ағып өтетін Ертіс өзеніне барып құяды. Есіл көктемгі қар суымен толысқан шақта ағысын үдетеді. Негізінен баяу ағысты. Қаланы сумен қамтамасыз ететін негізгі өзен болғандықтан, Есілге "Ертіс-Қарағанды" каналынан арна тарту жүзеге асырылды. Есіл баяу ағысты болғандықтан, оның табаны тереңде жатыр. Оның қала аумағындағы су жиналу алқабы 7400 шаршы км, бұған Вячеслав бөгені ауқымындағы 5310 шаршы км су жиналу алқабы қосылады. Есілге Мойылды, Тентек, Қарасу, Сарыбұлақ, Ақбұлақ өзендері келіп құяды, сонымен бірге су таратқыш канал арқылы Майбалық өзенімен жалғасып жатыр. Өзенде ақбалық, нәлім, мөңке, аққайран, сазан, шортан, көксерке, алабұға мекендейді. Бұрыннан қоныс тепкен қала бөлігі Есіл өзенінің солтүстігінде, оң жағалауға, темір жол магистралінен оңтүстікке қаарй етек жая орналасқан. Қала аумағының негізгі бөлігі, Есілдің Ақбұлақ және Сарыбұлақ тармақтарына келіп тұйықталады.
Есіл өзенінің алабында үш ірі бөген бар. Олар: Вячеслав (пайдалану көлемі-375,4 млн текше м), Сергеев (пайдалану көлемі-635,0 млн текше м) және Птропавл (пайдалану көлемі -16,1 млн текше м) бөгендері. Алғашқы екеуі судың жиналуын ұзақ мерзім бойына реттеуге арналған , сонымен қатар кешендік бағытта жұмыс атқарып, 3 топтық су құбырлары арқылы Астана қаласын және ауылдық елді мекендерді сумен қамтамасыз етеді. Петропавл бөгенінің аумағы шағын, маусымдық су жинауды жартылай ғана реттеуге арналған. Қаланы тұрмыстық ауызсумен қамтамасыз етудің негізгі көзі-Вячеслав бөгені, оның жылдық су шығымы 67,2 млн текше м (жобадағы сыйымдылығы 410,9 млн текше м).
Сарыбұлақ солтүстіктен оңтүстік бағытта қаланың батыс бөлігі арқылы ағып өтеді. Оның аңғарының 8,5 км-дейі (ені 20-50 м) қыщ комбинантынан ӨМК-ға дейінгі аралықты қамтиды. Бұлақтың 5,8 км бөлігі қаланың жеке меншік үйлер мен көп қабатты үйлер салынған өңірі арқылы өтеді. Өнеркәсіп құрылыстарын бойлай өтетін тұсы -3,3 км (ЖЭО-1-дің күлтөкпесінен темір жол қиылысына дейін), одан әрі 2,5 км селитебті өңірмен өтіп, Тілендиев даңғылынан 1,8 аралықпен Есілге ұласады. Бұлақтың саға тұсын айтпағанда, қала арқылы өтетін арнасын шылау басып, қамыс өсіп кеткен, кей тұстары үзіліп қалады.
Ақбұлақ қаланың оңтүстік-шығыс бөлігімен өтеді, оның табанына маусым аралығында ғана су жиналады, су жиналатын тұсы ЖЭО-ның 2- нің маңы. Ақбұлақтың Абылай хан даңғылынан Есіл өзеніне барып құятын аралықтағы жағалауы қайта қалпына келтіріліп, абаттандырылды.
Қаланы тұрмыстық ауызсумен қамтамасыз етудің тағы бір жолы- жерасты су көздерін пайдалану. Ол жерасты жаңа су көздерін іздестіру-барлау және бұрыннан белгілі су көздері мүмкіндіктерін жаңа талап тұрғысынан бағалау арқылы жүзеге асып отыр. Мұндай жерасты су көздеріне :Ақмола су көзі кені (ол солтүстік-батыс жүлге (қаланың солтүстігіне қарай 5-15 км) және шығыс жүлгеден (қала іргесіне, ішінара Есіл өзені аңғарына таяу) тұрады) , Есіл су көзі кені (қаланың оңтүстігіне қарай 0,5-10,0 км); Рожденственский су көзі кені (Нұра өзені аллювийлік шөгінді қыртысындағы жер асты суының жалпы пайдаға асу қоры 36,2 мың текше м/ тәуліті құрайды) жатады.

Әкімшілік бөлінісуі

Астанада Сарыарқа ауданы, Алматы ауданы және Есіл ауданы бар.

Халқы

1989 1997 1998 1999 2000 2001 2002 2003 2004 2005 2006
281252<ref name='116-6-1'/> 275100<ref name='116-6-1'/> 275300<ref name='116-6-1'/> 326900<ref name='116-6-1'/> 381000<ref name='116-6-1'/> 446200<ref name='116-6-1'/> 493100<ref name='116-6-1'>Население Астаны</ref> 501998<ref name='116-6-2'/> 510533<ref name='116-6-2'/> 529335<ref name='116-6-2'/> 550438<ref name='116-6-2'/>
2007 2008 2009 2010 2011 2012 2013 2014 2015 2016
574448<ref name='116-6-2'/> 602684<ref name='116-6-2'/> 605254<ref name='116-6-2'/> 649139<ref name='116-6-2'/> 697129<ref name='116-6-2'/> 742918<ref name='116-6-2'>Қазақстан Республикасының облыстары, қалалары және аудандары бойынша халық саны, 2003-2012</ref> 778083<ref>Үлгі:Cite web</ref> 814401<ref>Үлгі:Cite web</ref> 852985<ref>Үлгі:Cite web</ref> 872655<ref>О демографической ситуации в городе Астана</ref>

Астана қаласы халқының саны 2000 жылмен салыстырғанда 169,2 мың адамға көбейіп, 2006 жылдың басында 550,2 мың адам болды. 2013 жылдың 1 наурызындағы ақпарат бойынша халық саны - 783 471 адамды құрады. Халық саны бойынша Қазақстандағы Алматы қаласынын кейінгі 2-орында.

Астана қаласы халқының табиғи қозғалысының оң факторы бала туу мен неке қию деңгейінің артуы болып табылады. 2005 жылы қалада 8,8 мың бала өмірге келді, ол 2000 жылы туылғандармен салыстырғанда 4,3 мыңға көп. 2005 жылы бала туудың коэффициенті 1 мың тұрғынға шаққанда 6,3, өлім — 6,7 құрады.

Қала халқының өсуі негізінен көші-қон ағыны есебінен қамтамасыз етілуде. Көші-қон сальдосының елеулі түрде өсуі (50 мыңнан асатын шекте) 2000—2001 жылдары байқалды.

Келгендердің санының кеткендерден асып түсуі негізінен азаматтардың республиканың ішіндегі көші-қон есебінен қамтамасыз етілді. Алайда соңғы жылдары оның салыстырмалы түрде тұрақтануы байқалады (2002 ж. — 6,8 мың, 2003 ж.- 5,4 мың, 2004 ж. — 14,2 мың, 2005 ж. — 15,7 мың адам). Халықтың табиғи өсімі осы кезеңде 2000 жылғы 1513 адамнан 2005 жылы 5,2 адамға дейін көбейді.

Астана халық санының өсуі

Үлгі:Жасырын Осы тенденция сақталса қала халқының саны бірнеше жылда миллионға жетеді. Қазақстанның Алматы қаласынан кейінгі тағы бір миллионер қаласы тіркеледі. 2009-жылдың көрсеткіштерінде Астана қаласының миграциялық сальдосы 31 908 адамды құрады – бұл республикадағы ең жоғарғы көрсеткіш. <ref> Үлгі:Cite web </ref>

Астана тұрғындар санының динамикасы төменде келтiрiлген.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

<timeline>

Colors=

 id:lightgrey value:gray(0.9)
 id:darkgrey  value:gray(0.7)
 id:sfondo value:rgb(1,1,1)
 id:barra value:rgb(0.6,0.7,0.8)

ImageSize = width:700 height:340 PlotArea = left:50 bottom:50 top:30 right:30 DateFormat = x.y Period = from:0 till:1200000 TimeAxis = orientation:vertical AlignBars = justify ScaleMajor = gridcolor:darkgrey increment:200000 start:0 ScaleMinor = gridcolor:lightgrey increment:100000 start:0 BackgroundColors = canvas:sfondo

BarData=

 bar:1989 text:1989
 bar:1997 text:1997
 bar:1998 text:1998
 bar:1999 text:1999
 bar:2000 text:2000 
 bar:2001 text:2001 
 bar:2003 text:2003
 bar:2005 text:2005 
 bar:2007 text:2007 
 bar:2009 text:2009 
 bar:2010 text:2010 
 bar:2011 text:2011 
 bar:2012 text:2012 
 bar:2015 text:2015 
 bar:2020 text:2020 
 bar:2030 text:2030 

PlotData=

 color:barra width:27 align:center
 bar:1989 from:0 till: 281300
 bar:1997 from:0 till: 275100
 bar:1998 from:0 till: 275300
 bar:1999 from:0 till: 326900
 bar:2000 from:0 till: 381000
 bar:2001 from:0 till: 446200
 bar:2003 from:0 till: 501998
 bar:2005 from:0 till: 529335
 bar:2007 from:0 till: 574448
 bar:2009 from:0 till: 605254
 bar:2010 from:0 till: 649139
 bar:2011 from:0 till: 697129
 bar:2012 from:0 till: 742918
 bar:2015 from:0 till: 852985
 bar:2020 from:0 till: 950000
 bar:2030 from:0 till: 1200000
 

PlotData=

 bar:1989 at: 281300 fontsize:S text: 281300 shift:(0,5)
 bar:1997 at: 275100 fontsize:S text: 275100 shift:(0,5)
 bar:1998 at: 275300 fontsize:S text: 275300 shift:(0,5)
 bar:1999 at: 326900 fontsize:S text: 326900 shift:(0,5)
 bar:2000 at: 381000 fontsize:S text: 381000 shift:(0,5)
 bar:2001 at: 446200 fontsize:S text: 446200 shift:(0,5)
 bar:2003 at: 446200 fontsize:S text: 501998 shift:(0,5)
 bar:2005 at: 529300 fontsize:S text: 529335 shift:(0,5)
 bar:2007 at: 574400 fontsize:S text: 574448 shift:(0,5)
 bar:2009 at: 613600 fontsize:S text: 605254 shift:(0,5)
 bar:2010 at: 697100 fontsize:S text: 649139 shift:(0,5)
 bar:2011 at: 730800 fontsize:S text: 697129 shift:(0,5)
 bar:2012 at: 743000 fontsize:S text: 742918 shift:(0,5)
 bar:2015 at: 850000 fontsize:S text: 852985 shift:(0,5)
 bar:2020 at: 950000 fontsize:S text: 950000 shift:(0,5)
 bar:2030 at: 1200000 fontsize:S text: 1200000 shift:(0,5)
 

TextData=

 fontsize:S pos:(220,20)
 text:Астана қаласының тұрғындар санының динамикасы
</timeline>

Тарихы

Астана 1830 ж. Есіл өзенінің жағасында орыс әскерлері негізін қалаған бекіністен бастау алады.

1862 ж. Ақмола қала мәртебесін алды. 1962 ж. қалаға Целиноград атауы берілді. 1997 ж. егемен Қазақстанның Президенті Н. Назарбаев Жарлығымен елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады. 1998 ж. 6 мамыр жаңа елорданың атау Астана болып өзгертілді. 1998 ж. 10 шілде Қазақстанның жаңа елордасы — Астананың халықаралық тұсауы кесілді. 1998 ж. ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды. Бұл атақ қысқа мерзім ішінде әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуда неғұрлым әсерлі әрі қуатты өсуге, тұрақты этникааралық қатынасты орнықтыруға қол жеткізе алған ғаламшардың жас қалаларына беріледі. Бразилияда өткізілген бұл конкурста Астана барлық өлшемдер бойынша әлемнің әр түрлі елдерінің он екі қаласын басып озды.

Өзін-өзі басқаруы

Мәслихат жалпыға бірдей тең және тікелей сайлау құқығының негізінде құпия сайлау арқылы қала халқымен 4 жылдық мерзімге сайланады. Астана қаласы мәслихатының құрамына бір мандаттық аймақ бойынша сайланған 25 депутат кіреді. Депутаттар арасынан сайланып, өз қызметтерін босатылған негізде атқаратын қалалық мәслихат хатшысы мен тексеру комиссиясының төрағасынан басқа қалалық мәслихат депутаттары өз қызметтерін босатылмаған негізде атқарады.

Сессияда қарастыруға енгізілетін мәселелерді алдын ала қарастыру, мәслихат шешімдерін жүзеге асыруға әрекет жасасу және бақылау қызметтерін іске асыру үшін мәслихатта 4 тұрақты комиссия құрылған:

  • әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет және қаржы мәселелері жөнінде;
  • заңдылық, құқық тәртібі, депутаттың өкілдігі және этика мәселелері жөнінде;
  • шаруашылық құрылысы, экология, халыққа көлік, сауда және тұрмыстық-тұрғын үй қызметтерін көрсету мәселелері жөнінде;
  • әлеуметтік және ұлттық-мәдени даму мәселелері жөнінде.

Экономикасы

Астана өте серпінді дамуда. Елорда көшірілген кезден бастап қала экономикасына салынған инвестиция көлемі 3,5 миллиард доллардан асты. 2007 жылға дейін Астананың құрылысына 238,6 миллиард теңге көлемінде қаражат жұмсау жоспарлануда.

Астананың ойдағыдай дамып келе жатқанының белгілерін оның халқының жедел өсуінен байқауға болады. Елорданы көшіру жарияланған жылы мұнда небәрі 225 мың адам тұратын. 2004 жылы елорда тұрғындарының саны екі есе өсіп, жарты миллионнан асып кетті.

1998 жылы Астана еркін экономикалық аймақтың WEPSA халықаралық қауымдастығына кірді. Әлемнің 15 қаласы Қазақстан елордасының бауырлас қалалары болып табылады, олардың арасында Мәскеу, Берлин, Варшава, Минск, Киев, Анкара, Бангкок және басқалары бар.

Елорданың жаңа әкімшілік орталығында Бейбітшілік пен келісім сарайы мен «Пекин-Палас» бизнес-орталығының құрылысына дайындық жұмыстары басталды.

Тағы 10 нысан — жанар-жағармай құю стансасы, «Capital Forum» Ынтымақтастық және даму халықаралық орталығы, 6 қабатты медиа-орталық, сауда-демалыс кешені, халықаралық сауда орталығы,т.б. нысандар құрылысқа рұқсат алу және жобалау кезеңінде тұр.

2005 жылдың басынан бері барлығы 15 нысан тіркелді, оның ішінде 3 әкімшілік ғимарат, әлеуметтік мақсаттағы 4 нысан, 4 тұрғын үй, 4 инженерлік, көлік инфрақұрылымдары бар.

Ал, соңғы 6 айда Жоғарғы сот, муниципалдық 4 тұрғын үй кешені, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 2 жатақханасы, т.б. нысандар пайдалануға берілді. ҚР Парламент Мәжілісі мен Сыртқы істер министрлігі ғимараттарының, «Ғашықтар» саябағының, «Президент-отель» қонақүй кешені мен Ислам орталығының ашылу рәсімі өтті.

Сенат мен Үкіметтің әкімшілік ғимараттары, «Тұлпар» тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталып келеді. Дипломатиялық қалашық, цирк ғимараты, «Сол жағалау — Абылай хан даңғылы тас жолы мен Есіл арқылы көпірдің» құрылысы жалғасуда.

Есілдің сол жағалауын әкімшілік орталыққа айналдыру мақсатында құрылған «Астана — жаңа қала» экономикалық аймағында 141 нысан салынып жатыр. 2010 жылға дейін мұнда тағы 150 ғимарат бой көтеруі тиіс. Бұл құрылыс жұмыстары үшін 240 миллиард теңге қаржы жұмсалмақ. Арнайы экномикалық аймақ Елбасы жарлығымен жаңа Астана құрылысын қарқынды дамытуға қолайлы жағдай жасау үшін құрылған-ды. Ол үшін Есілдің сол жағалауынан мың жарым гектар жер бөлінді. 2002-2007 жылдарға арналған арнайы бағдарлама жасалып, оған 240 миллиард теңге инвестиция тарту көзделді. Қазір құрылыс жұмыстарына 162 миллиард теңге құйылып, жаңа ғимараттар бой көтерді. Аймақ құрылған осы 3-4 жылдың өзінде 141 нысан тіркелсе, оның 49-ы толықтай салынып бітіп, пайдалануға берілді. Сондай-ақ 2005 жылдың соңына дейін тағы 30 нысан іске қосылмақ.

Қаланың дәл жүрегінде орналасқан Бәйтерек мұнарасы жағаласындағы паркқа ұқсас ашық аланында ұдайы арнайы мерекелер өткізіліп отырады. 2010 жылы осы жерде Әкімшіліктің шақырумен Берлин қаласынан келген Аюлар достастығы көрмесінің таныстыру мерекесі өткізіле алынды. Осы көрмеде дүниенің 125 елінен 125 өнерпаздар жасап шығарған 125 көркемөнер уникаттары, бірбірімен татулықпен тыныш тұрып тұрған түрінде, көрсетілді.

Мәдениет және қоғам

Сурет:Congress Hall Astana.jpg
Конгресс-холл

Соңғы жылдары қалада мәдени-ағарту мекемелері желісі едәуір көбейді. 3 театр, 23 кітапхана, 5 мұражай, 1 клуб мекемесі, 2 кинотеатр, Мемлекеттік филармония, 2 сарай, 3 балалар музыка мектебі, өнер мектебі, көркемөнер мектебі жұмыс істейді.

Халықты спортпен және дене шынықтырумен тұрақты айналысуға тарту мақсатында өткен кезеңде жаңа спорт кешендері ашылды және балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне (БЖСМ) күрделі жөндеу жүргізілді. Халыққа қызмет көрсетуге 25 спорт-сауықтыру кешендері іске қосылды.

Қалада ақпараттық инфрақұрылым қалыптасқан және оның дамуы жалғасуда. 2001—2005 жылдар кезеңінде бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) саны 78-ден 169-ға дейін (77 газет, 82 журнал, 7 телерадиокомпания, 3 ақпараттық агенттік) өсті. Олардың ішінде 25 БАҚ ағылшын, неміс, украин, татар тілдерінде шығады. Сонымен бірге мемлекеттік емес БАҚ-тар үлесін арттыру үрдісі байқалып отыр, бұл қазіргі уақытта 66 %-ды құрайды. Ақпараттық саясатты іске асырудың маңызды құралы мемлекеттік тапсырысты мемлекеттік, сондай-ақ жеке меншік БАҚ-қа да орналастыру болып табылады. Ақпараттық саясат медиажоспарларға сәйкес іске асырылады.

Әлеуметтік саласы

Сурет:Астана қаласы 01.jpg
Биліктің үш тармағы: Үкімет, Сенат, Парламент.

Әлеуметтік қорғау саласында жүргізілген жұмыс кедейлік шегінен төмен өмір сүріп жатқан халықтың, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал жіктерінің өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталды. Астанада 2005 жылғы желтоқсанда орта есеппен жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс шамасы 6,2 мың теңгені құрады. Кірісі кедейлік шегімен бірдей немесе одан төмен тұрмысы төмен азаматтардың саны 2006 жылдың 1 қаңтарына 2,9 мың адамды құрады, бұл 2000 жылмен салыстырғанда 4,2 есе кем.

Қалада зейнеткерлердің саны 2000 жылғы 32,3 мың адамнан 2005 жылы 34,7 мың адамға өсті. Мүгедектердің саны 7,7 мың адам болды.

Жергілікті бюджеттен төленетін есебінен әлеуметтік төлемдердің жалпы сомасы 2005 жылы 678,7 млн. теңгені құрады, оның ішінде тұрғын үй көмегі — 23,5 млн. теңге, атаулы әлеуметтік көмек — 35,4 млн. теңге. 2005 жылы Астана қаласы бойынша кедейлік шегінің орташа мөлшері 2,4 мың теңгені құрады. Атаулы әлеуметтік көмек алатындардың саны 2,3 мың адам болды. 14 мыңға жуық тұрмысы төмен азамат жергілікті бюджеттен атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй жәрдемақысы, заңды және жеке тұлғалардың қайырымдылық және демеушілік көмегі түрінде түрлі материалдық көмек алды.

Қалада 11 жоғары оқу орны (оның 8-і жеке меншік), 22 колледж жұмыс істейді. Оқудың барлық түрлері бойынша жоғары оқу орындары мен колледж студенттерінің жалпы саны 58,3 мың адам. Оқушылар саны 1,9 мың адам болатын небәрі 5 мемлекеттік кәсіптік мектеп бастауыш және орта кәсіптік даярлықты жүзеге асырады. Астанада 54 мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп, 2 дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернаты, арнаулы түзету мектеп-интернаты, ұйымдардың деректері бойынша жалпы саны 60,1 мың оқушысы бар кешкі мектеп жұмыс істейді. Мектеп жасына дейінгі білім беру жүйесінде 11,2 мың баланы қамтыған 36 мектеп жасына дейінгі ұйым жұмыс істейді. Бес-алты жастағы балалардың мектеп алды дайындығын ұйымдастыру үшін жағдайлар жасалған.

Қалада білім беру кеңістігі құрылды. Білімге ынталы дарынды балалар үшін мектептер ашылды. 26 мектепте жекелеген пәндерді тереңдете оқытатын сыныптар ашылды. Қалада ғылым салыстырмалы түрде төмен деңгейде, ғылыми қызметкерлер санының күрт төмендегені байқалады.

2005 жылы Астана қаласының тұрғындарына барлық мамандықтағы 3,6 мың дәрігер және 4,2 мың орта медицина қызметкерлері еңбек ететін, жергілікті басқару органдарының қарамағындағы 32 мемлекеттік медицина ұйымы және 100-ден астам мемлекеттік емес медицина ұйымдары қызмет көрсетті.

Астана қаласында 5 жыл ішінде кепілді медициналық көмектің көлемі 1 821,2 млн-нан 4 176,6 млн-ға дейін өсті. Халықтың жеке санаттарын ауру түрлері бойынша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін 2005 жылы 102,4 млн. теңге пайдаланылды, бұл емдеу процесін жүргізу сапасына оң ықпалын тигізді.

Спорт

Қаланың назар аударарлық орындары

<ref name=source1> Қазақ энциклопедиясы I том</ref>

Сурет:Astana panoramasy.jpg
Астана қаласының панорамасы
Қаланың назар аударарлық орындары
150px 180px 180px
Бәйтерек Тәуелсіздік Сарайы "Нұр-Астана" мешіті ҚазақстанГазКалвисВитолинс Хан-Шатыр

Бауырлас қалалар

Астананың 20 бауырлас қаласы бар.

Бауырлас қала Жылы Мемлекет
Анкара - Үлгі:Flagicon Түркия
Ыстамбұл - Үлгі:Flagicon Түркия
Измир - Үлгі:Flagicon Түркия
Мәскеу - Үлгі:Flagicon Ресей
Санкт-Петербург - Үлгі:Flagicon Ресей
Қазан - Үлгі:Flagicon Ресей
Бішкек - Үлгі:Flagicon Қырғызстан
Киев - Үлгі:Flagicon Украина
Амман - Үлгі:Flagicon Иордан
Рига - Үлгі:Flagicon Латвия
Гданьск 1996 Үлгі:Flagicon Польша
Варшава - Үлгі:Flagicon Польша
Тбилиси 2005 Үлгі:Flagicon Грузия
Сеул - Үлгі:Flagicon Оңтүстік Корея
Ташкент - Үлгі:Flagicon Өзбекстан
Дубай - Үлгі:Flagicon БАӘ
Бейжің - Үлгі:Flagicon Қытай
Манила - Үлгі:Flagicon Филиппиндер
Сараево - Үлгі:Flagicon Босния және Герцеговина

Қызықты деректер

Түсініктемелер

Тағы қараңыз

Үлгі:Commons category

Үлгі:Портал

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтары Үлгі:Қазақстан қалалары Үлгі:Азия елордалары Үлгі:Еуропа елордалары Үлгі:Қазақстан тақырыптарда

Үлгі:Kz-geo-stub