Арман Қаниев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:01, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Арман Қаниев - 1954 жылы 22 ақпанда Павлодар қаласында туған. Павлодар қаласындағы N3 мектеп-интернаттың (қазіргі Ы.Алтынарин атындағы N3 гимназия-интернат) 9 сыныбында оқып жүргенде ұлтжанды жас-өспірімдердің «Жас ұлан» атты жасырын саяси ұйымын құрып, жетекшісі болып сайланған. Бұл ұйымды құрғаны үшін Комсомол комитетінің қатарынан шығарылып, мектептен қуылып, көптеген кедергілерге ұшыраған. 1976 жылы Чапаев орта мектебін сырттай оқып бітірген.1995 жылы Павлодар педагогика институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін тамамдаған. Әр жылдарда Павлодар облыстық телерадио компаниясында редактор, «Сарыарқа самалы», облыстық «Қазақ тілі» қоғамының «Ертіс дидары» газеттерінде тілші, журналист болып қызмет істеген. Қазір «Ертіс дидары» газетінің редакторы.

Ақынның өлеңдері «Қарлығаш», «Арман қанатында» сияқты ұжымдық жинақтарға енген. «Ар алдында», «Қызыл түнектегі ақ бұрқақ» , «Тамшылар», «Шындықпен бет-бет» жыр жинақтары жарық көрген. <ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}