Бельга агенттігі
Бельга агенттігі (Agencc Belga -Agence Telegraphique Beige de Presse, SA: Agentschap Belga Belgisch Pers-telegra afagentschap, NV) – Бельгия ақпараттық агенттігі атауы <ref>Қазақ Телевизиясы. Энциклопедия. Алматы: "ҚазАқпарат" 2009, 1-т: 640 бет, ISBN №978-601-03-0070-5</ref>.
Бельгияның күнделікті газеттерін шығаратын АҚ. Үкімет тарапынан абоненттік ақы түрінде жәрдем көрсетіледі. 1920 жылы негізі қаланды. Брюссельде ораналасқан. Күнделікгі Бельгия газеттерін жаздырып алушыларға, радио мен теледидарға, үкімет мекемелеріне, шетел ақпарат агенттіктеріне және коммерциялық фирмаларға ішкі және халықаралық ақпарат береді.
Шетел жаңалықтарын: АФП, Рейтер, ЮПИ, ДПА, ЭФЭ, ИТАР-ТАСС агенттіктерінен алады. Көптеген Еуропалық агенттіктермен ақпарат алмасу жөнінде шарт жасасқан. Француз және нидерланд тілдерінде күніне 60 мын сөз ақпарат таратады. Агенттік қызметкерлерінің жалпы саны (орталық аппараттағы және шеттегі қызметкерлерін қоса есептегенде) 109 адам.
Льежеде, Антверпенде, Шарлеруада, Генте мен Хасселтеде бөлімшелері бар. Шетелдік тілшілері жоқ, тек "қызу аймақтарда" өздерінің арнайы тілшілері бар. Еуропа альянсындағы баспасөз агенттігі ЕААП-қа мүше.
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Суретсіз мақала