Арай (ансамбль)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:47, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Арай - республикалық профессионалды эстрадалық ансамбль. 1979 ж. ҚазКСР-інің халық артисті Роза Рымбаеваның қатысуымен "Қазақконцерт" жанынан құрылды. Ансамбль құрамында 12 адам қызмет етеді. Репертуары негізінен джаз музыкасы мәнерінде өңделген қазақтың халық әндерінен, совет композиторларының муз. шығармаларынан құрылған. "Арай" гастрольдік сапармен Қазақстанның обл. орталықтарында және Москва, Ленинград, Киев, Кишинов, Куйшыбаев т.б. қалаларда болды, сондай-ақ ВХР-де (1980), БХР-де, ГДР-де өткен КСРО-ның мәдениет күндеріне, ҚазКСР әдебиеті мен өнерінің РКФСР-дегі және эст. КСР-індегі күндеріне қатысты. Ансамблдің көркемдік жетекшісі - Т. Оқапов. 1987 жылдан "Алматы" ансамблі боп қайта құрылды.

Дереккөздер

↑Қазақ КСР 4 томдық қысқаша энциклопедия./Бас редактор Р.Н. Нұрғалиев;Алматы; Қаз.Сов. Энциклопед. Бас. редак. 1989 ISBN 5-89 800-009-7