Антей

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

01:04, 2016 ж. мамырдың 22 кезіндегі Alphy Haydar (Талқылауы) істеген түзету

Сурет:Hercules and Antaeus.jpg
Геракл мен Антейдің айқасы, Gregorio de Ferrari сызған.

Антей (Үлгі:Lang-gr, Antaios) — ежелгі грек мифологиясындағы жойқын күш иесінің бірі. Антейге қатысты бербер мифологиясында да ұқсас сюжет кездеседі, демек екеуі бір тамырдан шыққан миф екені анық.

Миф бойынша, Антей жер құдайы Гея (Үлгі:Lang-gr) мен теңіз құдайы Посейдонның (Үлгі:Lang-gr) ұлы<ref>Apollodorus, 2.5.11; Hyginus, Fabulae 31.</ref>, Ливияның патшасы болған. Әйелі Тингис.<ref>I. Malkin, Myth and Territory in the Spartan Mediterranean, 1994:181-87, giving sources, noted in Robin Lane Fox, Travelling Heroes in the Epic Age of Homer, 2008:182 and note 51.</ref> Антейдің күші ерекше жойқын болған және ол жерге денесі тиіп тұрса болды, жер құдайы Геядан (анасынан) шексіз күш-құдірет бойына сіміріп, ешкім оны жеңе алмайтын болған. Ол өз жерінен өткен адамдарды өзімен күресуге мәжбүрлеген және оларды өлтіріп, өз әкесі Посейдонға олардың сүйегінен бір ғибадатқана салуға тырысқан.

Сурет:Herakles Antaios Louvre G103.jpg
Геракл мен Антей, б.з.б.515-510жж., Лувр

Грек батыры Геракл (Геркулес) Ливиядан өтіп бара жатып Антеймен күрескен екен. Антей әр рет жерге жығылғанда денесі жерге тисе болды жарасы қалпына келіп, қайтадан күші тасып шыға келген. Мұны байқаған Геракл оны биікке көтеріп, оның денесін жерге еш тигізбей қойған. Сөйтіп Антейдің күші сарқылып, тұншығып өлген.<ref>Pseudo-Apollodorus, Bibliotheke ii. 5; Hyginus, Fabula 31.</ref>

Қазір адамдар Антей әңгімесінің мәнін "Рухани күш Материялық негізден ажырап қалмауы керек" дегенге келтіреді. Сондай-ақ, бұл мифология бір адам өзінің отанынан, тегінен, негізінен, тамырынан ажырап қалмауға тиіс, әйтпесе оның күші сарқылып, күйреп жоғалады деген мағынаны да емексітеді. Ал, мемлекет тұрғысынан айтқанда әр ел, әр халық өз жерінен ажырап қалмауы, территориясын ішкі-сыртқы жаулардан қатаң күзетуге, қорғауға тиіс дегенді білдіреді.<ref>Scholia on Pindar, Pythian Ode 9, 185, referring to Pherecydes, Pisander of Camirus and other unspecified writers</ref>

Ежелгі скульптурада Антей мен Гераклдің күресі негізгі тақырыптың бірі болған. Алиьгери Дантенің «Құдіретті комедия» еңбегінде де Антей образын Тозақтың тоғызыншы қабатын күзетуші жауынгер ретінде суреттеген. Генрих Гейне Антей туралы мифті өлеңмен жазған.

Грек мифологиясындағы Антей - Посейдон мифі мен Ливия - бербердің осы тектес мифі (Үлгі:Lang-gr деп аталған) сабақтасып жатқандықтан, тарих атасы Геродот Посейдонды ең алғашында Берберлердің мифі деп, кейін оны Гректер өз мифологиясына қосып алған деп жазады.<ref>Olson, Charles. The collected poems of Charles Olson: excluding the Maximus poems. University of California Pr, 1997. p.3</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер