Амфитеатр

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Arlesarena.jpg
Римдегі Арле амфитеатрінң ішкі көрінісі

Амфитеатр – түрлі ойындар мен сайыстарды тамашалауға арнап, Көне Рим жұрты салған алып құрылыстар. Мұнда тағы аңдарды қуу, талату, гладиаторлар сайыстары өткізіліп тұрған. Амфитеатрдың ортасында дөңгелек майдан алаңы бар, көрермендердің орындары тұйық шеңберленіп келеді де, сатылай көтеріле береді. Амфитеатрдың бізге жеткен түрлері Римнен (Колизей), Веронадан, Помпейден, Арле мен Нимнен және Рим империясының (қазіргі Италияның), т.б. қалаларынан кездеседі. Қазіргі ұғымда амфитеатр - көрермендер залындағы партерден кейінгі орындар.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Амфитеатр — геоморфологияда — беткейлердің жарты шеңберленіп тұйықталуы. Пайда болуы жағынан мұздықтық (цирктер, карлар, морена шеттерінің белдері), жылжымалы (жылжымалы массаның үзілген шұңқыры) немесе жанартаулық (кальдерлер) болып бөлінеді. <ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6</ref>

Амфитеатр (грек. атрһі — екі жақтан, айнала; theatron — ойын-сауық көрсетілетін орын)— Ежелгі Грекия театрларында шоқылар баурайына жартылай шеңбер сияқты айналдыра салынған көрермендер орны. Ежелгі Римде — гладиаторлық шайқастарға және тағы аңдарды қуып ұстауға арналған үсті ашық ғимарат, мұнда көрермендер орны ортадағы сопақша аренаны қоршалай сатылап орналасқан.

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}