Аманжол Шамкенов
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Шамкенов Аманжол (20 шілде 1927, Павлодар облысы Ертіс ауданы Қазақстанның 10 жылдығы атындағы ауылы — 29 тамыз 2004, Алматы) — ақын, драматург.
- ҚазМУ-ды бітірген (1950)
- 1950 — 54 жылы “Әдебиет және искусство” (қазіргі “Жұлдыз”) журналында бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы
- 1954 — 56 жылы ҚР Мәдениет министрлігінің репертуар жөніндегі бас редакторы
- 1956 — 61 жылы Қазақ радиокомитетінде бөлім меңгерушісі
- 1961 — 63 жылы “Жазушы” баспасында бөлім меңгерушісі
- 1963 — 70 жылы Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет, кейіннен “Жазушы” баспасында бас редактордың орынбасары, бас редакторы
- 1970 — 79 жылы Қазақстан Жазушылар одағында сын секциясының меңгерушісі, хаттау бюросының директоры болып істеді.
Шығырамашылығы
Шығармаларында өмір, уақыт, заман, бейбітшілік, бүгінгі замандас, адам тағдыры туралы толғайды.
- Тұңғыш өлеңдер жинағы “Студент сыры” 1951 жылы жарық көрді.
- “Жасыл жайлау” (1954)
- “Лирикалық өлеңдер” (1957)
- “Дала тынысы” (1960)
- “Тың дәптері” (1964)
- “Ертіс перзенті” (1966)
- “Шырша” (1972)
- “Жайлау кеші” (1976)
- “Қасиетті топырақ” (1984)
- “Таңдамалы” (1987), т.б. кітаптары
- “Тың сыры” (1960)
- “Толқын үстінде” (1963)
- “Шашақ” (1979) атты повестері мен әңгімелері
сондай-ақ драматургия саласында
- “Бір махаббаттың сыры” (1960)
- “Табамын сені” (1975)
- “Сен жалғыз емессің” (1984) пьесалар жинақтары баспадан шықты.
- “Кездесу” (1957)
- Өжет жан” (1958)
- “Шыңдағы гүл” (1962) жинақтары орыс тіліне аударылып басылды.
Ш. — көптеген ән текстерінің авторы.
С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов, Г.Гейне] С.Есениннің шығармаларын, Н.Хикметтің “Әпенде”, М.Шатровтың “Большевиктер” пьесаларын, Г.Тушканның “Жора” романын қазақ тіліне аударған.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, XVIII том</ref>