Амангелді Мұражайы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

08:43, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Амангелді мұражайы - 1916 жылғы Торғай даласындағы ұлт-азаттық көтерілісі басшыларының бірі Амангелді Имановтың тұтынған бұйымдары мен ол туралы құжаттар жинақталған ғыл.-ағарту, мәдени мекеме. 1969 жылы Қостанай облысы Амангелді ауданы Амангелді анда ашылған. 1979 жылы мұражайдың жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Онда 5 көрме залы, қор қоймасы, кинозал жұмыс істейді. Мұражай қорында 2 мыңнан астам материалдық деректер, құжаттар жинақталған. Сондай-ақ, мұражайда ауданның экон.-мәдени даму жолын көрсететін, аудан топырағынан шықкан еңбек және соғыс ардагерлерінің, көрнекті мәдениет қайраткерлерінің өмірімен және еңбектерімен таныстыратын жәдігерлер бар. 1964 жылы Имановтың туған ауыяы Үрпекте жергілікті ұстаз З.Мұхамеджановтың ұйымдастыруымен ашылған шағын мұражай Амангелді мұражайының бөлімшесіне айналды. Көтерілісшілердің алғаш бас қосып, Амангелді қолбасшы, Әбдіғапар хан сайланған Мұхамеджанның қызыл үйі, мүсінші К.Наурызбаев сомдаған батыр мүсіні тұтас бір кешен құрайды. <ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}