Алып ана қорымы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

08:43, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Алып ана қорымы - сәулет өнері ескерткіші. Ақтөбе және Атырау облысы шекарасында, Сағыз өзенінің аңғарында, Сағыз темір жолының станциясының оңтүстік-шығысында 10 км жерде орналасқан. 1979- 80 жылы "Қазреставрация" бірлестігі экспедиция (жетекші С.Әжіғалиев) зерттеген. Жазба деректерінде мұнда алып батыр әйел жерленгені айтылады. Археологиялық зерттеулер бұл жерде 14 - 16 ғасырларда ортағасырлық күмбез тұрғанын көрсетті. Қазіргі кезде қираған орны ғана сақталған. Қорым, негізінен, 19 ғасырдың 2-жартысы мен 20 ғасырдың басына жатады. Күмбездер мен сағана тамдар әктас пен күйдірілмеген кірпіштен көтерілген. Ескерткіш Маңғыстау Үстірт стилінде жасалған. Қорымда күйдірілген кірпіштен тұрғызылған кішігірім күмбездер және әр түрлі қалыптағы құлпытастар көптеп кездеседі. Құлпытастарда әйел адамның әшекей бұйымдары, аяқ- киімдері бейнеленген. Бұлар қорым басында әйел бейіті болғаны туралы аңызды растай түседі. Алып ана қорымында көбіне казақтың кете, адай руларының өкілдері жерленген.

http://vk.com/photo235995355_384886038Дереккөздер

http://vk.com/photo235995355_384886054 http://vk.com/photo235995355_384886698 http://vk.com/photo235995355_384886757 http://vk.com/photo235995355_384886816 http://vk.com/photo235995355_384886824 http://vk.com/photo235995355_384886757

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}