Алтынбек Сәрсенбайұлы қоры

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Qor.jpg
Алтынбек Сәрсенбайұлы қоры

«Алтынбек Сәрсенбайұлы қоры» — 2006 жылдың жазында құрылған.

Қордың мақсаты — 2006 жылдың ақпан айында қастандықтан қаза болған қоғам және мемлекет қайраткері Алтынбек Сәрсенбайұлының артына қалдырған интеллектуалдық, рухани мұрасын дамыту және жалғастыру.

Алтынбек Сәрсенбайұлы қоры — коммерциялық емес, алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибеге сай қызмет ететін тәуелсіз зерттеу ұйымы.

Қор Қазақстан қоғамында демократия мен бостандықтың, отаншылдық ойдың тереңдеп еркендеуіне ықпал етеді.

Қор Алтынбек Сәрсенбайұлының достары мен пікірлестерінің, шәкірттері мен туған-туыстарының бастамасы мен қаржылық қолдау көрсетуінің арқасында құрылды.

Мақсаты мен міндеттері

  • әлеуметтану (саясаттану мен мәдениеттануды қоса) және тарих салаларында ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу;
  • ғылыми семинарлар, конференциялар, қазіргі Қазақстанның алдында тұрған өзекті мәселелер туралы «дөңгелек үстелдер» өткізу;
  • халықаралық ғылыми әріптестіктің дамуына қолдау білдіру;
  • ағартушылық, ақпараттық-сараптамалық және баспа қызметін жандандыру.

Қордың қамқорлық кеңесіне Мұрат Әуезов, Диар Қонаев, Ораз Жандосов, Сәкен Сейфуллин және де басқа Қазақстанның қайраткерлері кіреді.

Қордың жетекшісі — Берік Әбдіғали

Атқарушы директоры — Нұрлан Сәрсенбаев

Сыртқы сілтемелер