Алтынбек Жолдасұлы Кенжеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

10:22, 2017 ж. сәуірдің 19 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Алтынбек Жолдасұлы Кенжеков (13 маусым 1941, Отырар ауданы Шәуілдір ауылы – 27 желтоқсан 2001, Алматы) – актер, Қазақстанның еңбек сіңірген артісі (1991), Қазақстанның халық артісі (1996).

Өмірбаяны

  • 1959 жылдан Қазақ балалар мен жасөспірімдер театрының артисі болды.

Рольдері

Кенжеков осы театр сахнасында жүзден аса рөл ойнады. Жәрдем, Ғани Мұратбаев (Ш.Хұсайыновтың «’’Жартасы’’» мен «’’Алғашқы ұшқындарында’’»),

  • Диуана (М.Кәрімнің «’’Ай тұтылған түнінде’’»).
  • Нұрбек, Нарбек (Б.Мұқайдың «’’Қош бол, менің ертегім’’», «’’Заманақырында’’»)
  • Гамлет (У.Шекспирдің осы аттас трагедиясында)
  • Шоқан (С.Мұқановтың «’’Қашқар қызында’’»)
  • Сәкен Сейфуллин (Қ.Сатыбалдиннің «’’Ұзақ жолында’’»)
  • Жуан-Жуан (Ш.Айтматовтың «’’Жан азабында’’»)
  • Мұрат, Жамбыл (С.Жүнісовтің «’’Қызым, саған айтамын’’» мен «’’Жамбылдың даңғыл, тарғыл жолдарында’’»)
  • Ақылбек (Б.Жәкиевтің «’’Әке тағдырында’’»), т.б. рөлдері актердің шығармашылық мүмкіндігінің молдығын көрсетті.

Режиссерлік еңбегі

Ол режиссерлік жұмыспен де айналысып

  • Ж.Тәшенов пен И.Саввиннің «’’Беу, қыздар-ай’’»
  • М.Хасеновтің «’’Пай-пай, жас жұбайлар-ай’’»
  • Ә.Әбішевтің «’’Атыңнан айналайын, Мәди’’»
  • Жәкиевтің «’’Әке тағдыры’’», т.б. спектакльдерді қойып, көрермендер көңілінен шықты.


Кенжековтің кино саласы дамуына да қосқан үлесі мол. Ол киноэкранда жасаған, ойнаған оншақты рөлдермен қатар, орысша фильмдерді қазақшалауда (2000-ға жуық фильм) көп еңбек сіңірген.

Марапаттары

  • «’’Құрмет’’» орденімен марапатталған.<ref>Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы, 4-том</ref><ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті