Александр Николаевич Самойлович

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

08:00, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Сурет:Samoilovich.jpg
Самойлович Александр Николаевич

Самойлович Александр Николаевич (29.12.1880, Төменгі Новгород— 13.2.1938, Мәскеу)<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref> — шығыстанушы, тіл маманы, КСРО ғылым академиясының академигі (1929).

  • 1903 жылы Санкт-Петербург университетін бітірген.
  • 1917 — 30 жылдары сонда оқытушы,
  • 1929 — 33 жылдары КСРО ғылым академиясының қоғамдық ғылымдар бөлімшесінің академик-хатшысы,
  • 1934 — 37 жылдары КСРО ҒА Шығыстану институтының директоры болды.
  • КСРО ғылым академиясының Қазақстан базасы төралқасының тұңғыш төрағасы болып тағайындалып (1932), оның алғашқы институттарын ұйымдастыруға атсалысты. Ол Қырым, Еділ бойы, Кавказ, Орт. Азия, Қазақстан және Алтайдағы түркі тілдес халықтардың тілін, әдебиеті мен фольклорын, этнографиясын зерттеді. 300-ден астам ғыл. зерттеу еңбектерінде түркітанудың жалпы және жеке мәселелері, тарихы, көне түркі жазба ескерткіштерінен бастап, бүгінгі түркі тілдері мен әдебиеті мәселелері жан-жақты қамтылған. Алтын Орда мен Қырымға қатысты ресми құжаттарды зерттеді. “Некоторые дополнение к классификации турецких языков” (1922) атты еңбегінде тарихи-этимол. зерттеу жасады.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998

ISBN 5-89800-123-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Шығ.: Из Хивинских сказаний о животных, СПб., 1910; Название дней недели у турецких народов, в кн.: Яфетический сборник, сб. 2, Л., 1924; О слове “казах”, “казахи”, в кн.: Антропологические очерки, Л., 1927; Вариант сказания о Едиге и Тохтамыше, записанный Н.Хакимовым, в кн.: Тюркологический сборник, М., 1973. Ж. Шалғынбай

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}