Александр Дмитриевич Авдеев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:15, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Александр Дмитриевич Авдеев (1888 жылы туған, Премь губерниясының Осин уезі) – совет мемлекеті және партия қайраткері. 1905 жылдан Компартия мүшесі. Қазан революциясы мен азамат соғысына қатысты. РК (б) П ОК-ның Қазақстан партия ұйымын нығайтуға жіберген партия қызметкерлерінің бірі. 1920 жылы Қырғыз (Қазақ) революциялық-соғыс комитетінің және РК (б) П Қазақ облысы Бюросының мүшесі. 1920 – 24 жылдары Қазақ облысы Соғыс халық комиссары. РК (б) П-нің қазақстандық 1, 2, 3-конференцияларының делегаты болып, облыстық партия комитетінің құрамына және президиум мүшелігіне сайланды. Советтердің Бүкіл қазақстандық І-съезінің делегаты, Қазақ Орталық Атқару Комитетінің (ОАК) мүшесі, РК (б) П 12-съезінің делегаты. 1924 жылы қыркүйекте РК (б) П ОК қарамағына шақырылды. Мұнан кейінгі өмірі жайлы деректер белгісіз.<ref>Қазақ совет энциклопедиясы 1976 жыл. / М.Қ.Қаратаев</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер